Кітапхана > Жаңалықтар жәнә хабарландырулар Кітапхана оқу процесін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жағынан қамтамасыз етуде университеттің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады. Ол үшін кітапхана қоры білімнің барлық саласы бойынша жаңа әдебиетпен жүйелі түрде, соның ішінде әсіресе университет мамандықтары бойынша толықтырылып тұрады. 2006-2007 оқу жылында кітапхана қорына 20947 дана оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, дүниетанымдық әдебиеттер келіп түскен.
Оқырмандар жаңа кітаптармен әр кафедраларға ілінген жаңа түсілімдер бюллетендері арқылы „Жаңа кітаптар” көрмесінде, сонымен қатар „Технолог” үнқағазының „Кітап әлемінде” айдарында танысады.
Мысалы, оқу жылы басталғалғалы бері мынадай көрмелер ұйымдастырылды:
- 30 тамызда Атазаң күніне орай „Азаматтардың құқы мен бостандығына кепілдік”;
- 28 қыркүйек „Ішімдік, шарап, темекі: саған қажет пе?”;
- 5 қазан Ұстаздар күніне орай „Ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында”$
- 25 қазан Республика күніне байланысты „Гүлдене бер Қазақстан” атты көрме даярлануда.
Бірінші курс студенттеріне арнап кітапханалық-библиографиялық білімді толықтыру үшін сабақтар жоспарланып отыр, алғашқы сабақтар Н.Назарбаевтың „Қазақстан жолы”кітабына кіріспе ретінде жүргізіледі.
|