Ғылым > Диссертациялық кеңес К 14.63.02 Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі қорғалатын диссертациялық кеңес К 14.63.02 мына мамандықтар бойынша жұмыс істейді: 05.19.04 –“Тігін бұйымдарының технологиясы”, “05.19.02 –“Тоқыма материалдарының және шикізатының алғашқы өңдеуі мен технологиясы”.
Тек соңғы үш жылда АТУ-дың ғалымдары 37 диссертация: 12 докторлық, 25 кандидаттық қорғалды, Қазақстан Республикасының 77 патенті мен предпотенті алынды. 1320 ғылыми еңбектер, монографиялар, оқулықтар және оқу құралдары жарияланды. 2001-2005 жылдары ғылыми-зерттеу жобалары орындалды, соның ішінде 6-ы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды. Өндірістің түрлі салаларына сату үшін 2007 жылы 50-ден астам инновациялық жобалар дайындалды.
Д 14.63.02 диссертациялық кеңесін ашу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті Алқасының 2008 жылғы 27 ақпанындағы (№ 3 хаттама) шешімінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы технологиялық университетінің жанындағы Д 14.63.02 диссертациялық кеңесі ашылсын және төмендегі мамандықтар бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғауға рұқсат етілсін:
05.19.02 - Тоқыма материалдары мен шикізаттарының технологиясы жӨне оларды бастапқы өңдеу;
05.19.04 - Тігін бұйымдарының технологиясы.
2. Д 14.63.02 диссертациялық кеңесінің төмендегі құрамы бекітілсік:
| 1 |
Рысқұлова Бахыт Рысқұлқызы (төрайым)
|
техника ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университетінің профессоры, 05.19.04
|
| 2 |
Таусарова Бижамал (төрайым орынбасары) |
химия ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университетінің профессоры, 05.19.02 (еңбектері бойынша)) |
| 3 |
Нұржасарова Майра Өбдірахманқызы (ғалым хатшы) |
техника ғылымдарының докторы, 05.19.04
|
| 4 |
Алмабеков Отанбек Өмірбекұлы - |
химия ғылымдарының докторы, 05.19.04 (еңбектері бойынша) |
| 5 |
Битус Евгений Иванович |
техника ғылымдарының докторы, 05.19.04 (еңбектері бойынша) |
| 6 |
Заев Виктор Иванович |
техника ғылымдарының докторы, 05.19.04 |
| 7 |
Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы |
химия ғылымдарының докторы, 05.19.02 (еңбектері бойынша) |
| 8 |
Лугачев Анатолий Иванович |
техника ғылымдарының докторы, 05.19.02 |
| 9 |
Маматов Әлішер Зұлұнұлы |
техника ғылымдарының докторы, 05.19.02 |
| 10 |
Мокеева Наталия Сергеевна |
техника ғылымдарының докторы, 0 5.19.04 |
| 11 |
Мукимов Марабзал Мираюбович |
техника ғылымдарының докторы, 05.19.02 |
| 12 |
Мүқамедқалиев Тасболат Мәрденұлы |
химия ғылымдарының докторы, 05.19.02 (еңбектері бойынша) |
| 13 |
Ходжиев Муксин Таджиевич |
техника ғылымдарының докторы, 05.19.02 |
3. Д 14.63.02 диссертациялық кеңесінің өкілеттік мерзімі 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленсін.
4.0сы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Н. Қалабаев
|