Ғылым > Диссертациялық кеңес Д 14.01.17Техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беретін диссертациялық кеңес Д 14.61.17 мына мамандықтар бойынша жұмыс істейді: 05.18.12 – “Тағам өндірісінің прцестері мен аппараттары”, “05.18.04 –“Ет, сүт, балық өнімдерінің және салқын өндірістің технологиясы”, 05.18.01 –“Жүзімтану ”.
Келешекте университеттің ғылыми қызметінің белсенділігін арттыру үшін 2002 жылы тамақ технологиясы ғылыми-зерттеу институты ашылды. Оның құрамына: жаңа кезеңнің тағамдарын жасаудың ғылыми-зерттеу зертханасы, тағам қауіпсіздігі ғылыми-зертте зертханасы, технологиялық процестердің лазерлік белсенділігі мәселесін қарастыратын ғылыми-зерттеу зертханасы кіреді. Тағам қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу зертханасы жаңа тамақтану тағамдарының сапасын бағалау және зерттеу, жаңа кезең азық-түлік тағамдарының экологияылық және тағамдық қауіпсіздігін сараптау басты мақсаты болып табылатын халықаралық “Темпус” жобасының шеңберінде құрылған.
Құрамына жүн бағалау ғылыми-зерттеу зертханасы, тігін бұйымдарының технологиясының ғылыми-өндірістік орталығы, халықтық тұтыну тауарлары мен бұйымдарының қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу зертханасы кіретін жеңіл өнеркәсіп мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты құрылды.
Ұзақ мерзімді ғылыми бағдарламалардың мақсаты – қолданбалы зерттеулерді қалыптастыру мен жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына, дүниежүзілік ғылымдар негізінде қорды сақтайтын, бәсекеге қабілетті технологиялар және тамақ өнімдерін өңдеу мен сақтаудың, жаппай қолданылатын дұрыс тамақтануға арналған және емдік-прфилактикалық қасиеттері бар азық-түліктерді өндіріп, өңдеуде дүниежүзілік ғылымның тенденцияларына сай келу. Жеңіл өнеркәсіп саласының дамуындағы былғары, жүн, өңдеу, тоқыма және тігін өнеркәсіптерінің технологиялары да кеңінен кірістірілген.
Тек соңғы үш жыл ішінде Алматы технологиялық университетінің ғалымдары Қазақстан Республикасының 55 патент пен предпатентін алған.
Университетте ғылыми жұмыстарды жетілдіру мақсатында 2002 жылы азық-түлік технологиясы Ғылыми-зерттеу институты, 2004 жылы жеңіл өнеркәсіп мәселелері Ғылыми-зерттеу институты, ал 2006 жылы технологиялық прцестердің лазерлік белсенділігі ғылыми-зерттеу зертханасы және азық-түлік қауіпсіздігінің ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды.
Университетте студенттердің ғылыми жұмыспен айналысуына барлық жағдай жасалған. Студенттердің жоғары бағаланған жұмыстары “Тағам технологиясы және қызмет көрсету” журналында жарық көреді, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысуға жіберіледі.
|