Колледж > Қазақстандағы жеңіл және тамақ өнеркәсібін қарқынды дамуы орта арнайы білімді мамандарды барлық салада қажет етеді. Бұл қажеттілік технология-экономикалық колледж ашуға міндеттеді. Колледж 2005 жылы 12 шілдеде ашылды, директоры Атанова Мастура Марданқызы.
АТУ-дың алдыңғы қатарлы оқытушылары ТЭК-де жұмыс істейді. Бүгінгі колледж ұжымында 100 оқытушы және 2000 студент бар.
Қызмет көрсету және экономика, техника және технология салаларына қажетті мамандарды мына мамандықтар бойынша дайындайды:
- тігін өндірісі технологиясы;
- киім тігу және модельдеу;
- тоқыма өндірісі технологиясы;
- тағамдық азық-түлік өндірісінің машинасын жабдықтау және эксплотациялау;
- кондитерлік, макарондық, нан жасау өндірісінің технологиясы;
- шарап және ашыту өндірісінің технологиясы;
- сүт және сүт өнімдері технологиясы;
- ет және ет өнімдерінің технологиясы;
- астықты қайта өңдеу және сақтау технологиясы;
- тамақтандыру мекемелерінің тағамдары өндірісін ұйымдастыруы мен технологиясы;
- Ақпараттық жүйелер;
- Экономика, бухалтерлік есеп және аудит;
- Менеджмент;
- Туристік кешендерін және қонақүйлердің қызмет көрсетуін ұйымдастыру;
- Маркетинг.
ТЭК-де 4 әдістемелік комиссия жұмыс істейді:
- Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер;
- Ақпараттық-технологиялық пәндер;
- Қаржы-экономикалық пәндер;
- Арнайы пәндер.
Тәжірибелік дайындалу мен оқытуға ТЭК-де барлық жағдай жасалған.
2007-2008 оқу жылдары сабақ өткізу қазіргі заманға сай барлық материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Арнайы оқу корпусында кітапхана, компьютерлік және оқу сыныптары, зертханалар бар.
Колледжде оқыту-тәрбиелік процесіне оқытудың жаңа технологиялары, жаңа әдістері, өзекті ғылыми жетістіктер қолданылады. Кәсіптік практикалар әр түрлі кәсіпорындарда өткізіледі. Практиканы өткізу үшін алдыңғы қатарлы мамандар тартылады. 50 жыл мерейтойы болатын 2007-2008 оқу жылдары ТЭК-де алғашқы 109 түлегі бітіріп шықты.
АТУ-дың ТЭК-де білім алу саласында, халықаралық қатынас және өнеркәсіппен байланыс жасауда белсенді жұмыс жүргізіледі.
|