Факультетер және кафедралар > Экономика және бизнес факультеті
Жеңіл және тамақ өндірісі саласы бойынша мамандарды дайындау университетте өткен ғасырдың 70-ші жылдары басталған. Факультеттің деканы э.ғ.к., доцент Есайдар Урзада Серимовна.
.jpg)
«Экономика және бизнес» факультеті қазіргі кезде университетің жетекші салаларының бірі болып есептеледі. Ол нарық талап етіп отырған мамандарды дайындауды жүзеге асырады.
Факультеттің құрамына төмендегі кафедралар кіреді:
Менеджмент және маркетинг
Экономика
Туризм және тұрмыстық қызмет көрсету және сервис
Бухгалтерлік есеп және қаржы
Қазіргі кезде факультет бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша дайындайды:
- Экономика;
- Менеджмент;
- Есеп және аудит;
- Мемлекеттік және жергілікті басқару;
- Маркетинг;
- Сервис;
- Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис.
- Қаржы;
- Туризм;
Әйгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы -Қазақ ССР жоғарғы және арнайы орта білім министрі, ҚазССР Министрлері кеңесінің Мемлекеттік комиссиясының төрағасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2002-2006 жылдары АТУ-дың халықаралық байланыс және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры университеттің дамуына үлкен үлес қосқан.
Факультет Республикада алғашқылардың бірі болып оқытудың кредиттік жүйесі бойынша бакалаврды дайынауға көшті.
Факультетте ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс істейді. Сонымен қатар, тілдер бойынша дайындайтын тренинг-орталық бар. Аспирантурада экономика және халықшаруашылығын басқару мамандықтары бойынша ғылыми мамандар дайындау жұмысы жүргізіледі.
Оқу процесінде алған теориалық білімін және машықтығын жетілдіру мақсатымен факультетің студенттері кәсіби тәжірибеден республиканың алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен ұйымдарда және банк мекемелерінде өтеді. Олар: АҚ «Бахус», АОҚ «Рахат», АҚ ХБК «Ақсай», АҚ «Адал», АҚ «Алтын-Диірмен корпорациясы», АҚ «Алматы-нан» «Казкомерцбанк», «ТуранӘлембанкі», «Халық банк», «Эксимбанк-Қазақстан», Салық комитеттері және туристік агенттіктер.
АТУ “Шөп тамырлары” байқауында тілдерді дамытуға арналған Жапондық ресми дамыту көмегінің грантын, еуропа елдерінде кеңінен танылған, NOVI Голландия университетінің екінші бакалаврлық және ҚР –ның мемлекеттік дипломын алуға мүмкіншілік беретін, NOVI университетімен Нидерланд Білім беру орталығымен “Екінші диплом бағдаламасының” жобасына қатысты.
Факультеттің болашақ дамуы үшін білім берудің ақпараттық технологиясы, электрондық оқулықтар мен құралдарды пайдалануі, виртуалды лабораторлық жұмыстар және экспертті консалтинкті топтар құру, инновациялық білім беру бағдарламалары дамытуды кеңнен еңдіруді қарастырып отыр.
|