Факультетер және кафедралар > Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті
Факультеттің деканы – т.ғ.д., доцент Жилисбаева Раушан Оразқызы .jpg)
Факультеттің оқу-тәрбие ісі жөнінен орынбасары – Казангельдина Ж.Б.
Факультетте 5 кафедра бар:.
Мемлекеттік және шет тілдер кафедрасы
Жоғарғы математика және физика
Дизайн
Тоқыма өндірісінің технологиясы
Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тауарлар технологиясы
Факультетте төмендегі мамандықтар бойынша жоғары дәрежелі мамандар дайындалады:
- 050726 – Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- 050733 – Текстил бұйымдарының технологиясы мен жобалануы
- 050421 – Дизайн
Факультет құрамында 6 кафедра бар:
- Бұйымдар мен тауарлар технологиясы және құрастырылуы
- Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы
- Дизайн
- Математика және физика
- Шет тілдері
- Мемлекеттік тіл және мәдениетаралық қатысым
Факультет қызметінің басты объектісі матадан, трикотаждан, текстилді матадан, былғарыдан, жүннен жасалған тігін бұйымдары және т.б., технологиялық процестер мен тігін бұйымдарының өңделуі, текстил және жеңіл өнеркәсіп бұйымдары мен тауарларының сапалық және сандық экспертизасы, қызметтік сапаны бағалау, моделдердің эскиздері, сурет болып табылады. Университетті бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Университетте кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша ғылыми кеңес жұмыс істейді: 05.19.02- «Технология және текстилді материалдар мен шикізатты алғашқы өңдеу» және 05.19.04- «Тігін бұйымдарының технологиясы».
Ғылыми жұмыстың бағыттары:
· Жаңа замаңға сай үлгідегі киімдерді қазақтың ұлттық киім негізінде жобалаудың теориялық және әдістемелік принциптері;
· Мұнай, металлургия, металл өңдіретін және химиялық өнеркәсіп жұмысшыларына арналған арнайы киімдерді жобалаудың ғылыми негіздері;
· Текстилді материалдарды өңдеудің технологиясын жасау;
· Суда еритін полимерлерді қолдана отырып текстилді материалдарды өңдеудің технологиясын жасау;
· Трикотажға сай әр түрлі құрылымды отандық өңдірістегі камволді жүн тоқымасын өңдеуді зерттеу;
· Өнеркәспке, кіші және орташа бизнеспен айналысушы кәсіпорындарда киім дайындау технологиясының инновациялық әдістерін енгізу.
Ғылыми орталық: Факультетте жеңіл өнеркәсіп ғылыми-зерттеу институты құрылған, оны басқаратын Джингилбаев C.С.
Факультет мақтанышы: Факультеттің мақтанышы 4 курс студенті Насрова Альфина «Қазақстан Аруы–2007» байқауының жүлдегері атанып «Әлем Аруы–2007» байқауыны жолдама алды. Республиканың кез келген түпкірінде маталар мен киімді жобалау және дизайн саласында білімдерін жетік меңгерген факультет түлектері қызмет етеді.
Казақстаннның атақты дизайнері Аида Кауменова, «San Bell» моделдік агенттігінің басшысы Алена Ривлина т.с.с.
Факультет түлектерінің кәсіби біліктілігі және жұмысқа орналасуы: Студенттер кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін
«Almaty Cotton Paint» , «Казахстан Текстилайн», Алматинская кілем фабрикасы, «Асутор», тігін фирмаларында «Кыз-Жибек», тігін фабрикасында «Восход», және т.б. Алматы сән салондарында практикадан өтеді.
Халықаралық байланыстар: Факультет республиканың және көптеген шет м емлекеттерінің білім және ғылыми орталықтарымен халықаралық байланыстар орнатады: Пенсильвания Университеті (АҚШ); Андон университеті (Оңтүстік Корея); Москваның Ұлттық дизайн және технология университеті; А.И. Косыгин атындағы Москваның Мемлекеттік текстиль университеті; Санкт-Петербургтің Ұлттық дизайн және технология университеті; Новосибирск технологиялық университеті; Ташкент жеңғіл өнеркәсіп технологиялық университеті
Құрметті талапкерлер!
Егер сіздер біздің университетімізге түсетін болсаңыздар, біздер тәрізді оның патриоттары боласыздар.
Студенттік өмір сан алуан. Студенттер кіші курстан бастап ғылыми шығармашылыққа белсене араласады. Олар олимпиадаларға, конкурстарға, ғылыми конференцияларға қатысады. Студенттердің қызығушылықтарын арттыратын мейрамдарды ұйымдастыратын жастар кеңесі белсенді жұмыс атқарады: спорт секциялары, студенттердің шығармашылық ұйымдары – би, вокал, домбыра, КВН- осылардың барлығы студенттердің қолдарында. Университет кітапханасы барлық қажетті оқу құралдарына, ғылыми және шығармашылық әдебиеттер қорына бай. Біздің оқу орнына түсүге бет бұрыңыздар, себебі ешқашан өкінбейсіздер.
БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
|