Біздің мақсатымыз – еңбек нарығында еркін бәсекелесе алатын жаңа заманның тағамдық өнеркәсіп мамандарын дайындау.
Бүгінгі таңда тағам өндірістері факультеті – Қазақстанның тағамдық және өңдеу өнеркісібі үшін іргелі және қолданбалы зеттеулер аймағының ғылыми орталығы.
Қазіргі кезде оған т.ғ.д., профессор, «2008-2009 оқу жылындағы ЖОО үздік оқытушысы» ҚР ҒБМ грантының иегері Кизатова Майгуль Жалеловна басшылық етеді. Деканның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - аға оқытушы, студенттік кәсіпшілер одағы комитетінің төрағасы, 2008 жылдың «Жас дарынды ғалым» ҚР ҒБМ грантының иегері Адмаева Анна Михайловна. Факультетте 140-тан астам ПОҚ, соның ішінде 21 ғылым докторы және 59 кандидат қызмет атқарады. Факультет екі жыл қатарынан «АТУ-дың үздік факультеті» номинациясы бойынша бірінші орын алып келе жатыр.
Тамақ өндірісі факультетінің құрамында 5 кафедра бар:
· Нан өнімдері технологиясы, кафедраны үздік ғалым, т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, «2007-2008 оқу жылындағы ЖОО үздік оқытушысы» ҚР ҒБМ грантының иегері Изтаев А.И. басқарады;
· Азық-түлік биотехнологиясы, кафедраны үздік ғалым, х.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, «2007-2008 оқу жылындағы ЖОО үздік оқытушысы» ҚР ҒБМ грантының иегері Хожемуратова С.Ш. басқарады;
· Тамақ өнімдерінің технологиясы, кафедраны т.ғ.к., доцент Диханбаева Ф.Т. басқарады;
· Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы, кафедраны т.ғ.к., доцент Уажанова Р.У. басқарады;
· Химия және экология, кафедраны х.ғ.д. Мырзалиева С.К. басқарады.
Факультет тағамдық және өңдеу өндірісінің технологиясы саласында дайындық жүргізеді: астықты сақтау және өңдеу, нан-тоқаш, макаронды, кондитерлік бұйымдар технологиясы, ет және сүт өнімдерін өңдеу, тағамдық шикізат пен өнімдерді көнсервілеу, ашыту өндірісі мен шарап дайындау технологиясы, тағамдық өнімдердің биотехнологиясы, стандартизациясы мен сертификациясы. Сонымен қатар факультетте бакалаврлар – органикалық заттардың химиялық технологиясы экологтарын дайындау жүзеге асырылуда.
Факультет келесі мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындайды:
5В06800 - «Экология» (биология);
5В070100 - «Биотехнология» (биология);
5В072100 - «Химиялық заттардың химиялық технологиясы» (химия);
5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» (химия);
5В072800 - «Өңдеу өндірісінң технологиясы» (химия);
5В073200-«Стандартизация, метрология және сертификация» (физика).
Бүгінгі күнде факультетте 1200 астам студент білім алуда, олардың 70% мемлекеттік грант иегерлері.
Факультет келесі кәсіпорындар мен ұйымдарда кәсіптік тәжірибе ұйымдастырады: «Бахус» АҚ, «Дионис» ЖШС, «Каргалинские вина» шарап зауыты, Талғарлық спирт зауыты, «Алматинский пивзавод №1» АҚ, «Фудмастер», «Жигер», «Смак» сүт зауыттары, өнеркәсіптің ет өңдеу кәсіпорындары - «Алматы-ет» АҚ, «Беккер», «Первомайские деликатесы», «Алтын-Диірмен» АҚ Корпорациясы, «Ақ бида», нан зауыттары - «Ақсай» НТК, «Алматы-нан», кондитерлік фабрикалар - «Рахат», «Конфетки-бараночки», сертификаттау орталықтары, сыра зауыттары - «Дербес», «Эфес», «Пепси-Кола», «Напитки», «Плодоконсервный комбинат «Южный»» ЖШС, «Филипп Морис» компаниясы және т.б. Жоғарыда аталған кәсіпорындардың көптеген басшылары – Карапетян А.Н., Попелюшко А.В., Мнацаканян Р.Г., Халина В.И., Маралова А.Б. және басқалар дәріс оқып, студенттердің дипломдық жұмыстарына жетекшілік етеді, мемлекеттік аттестациялау комиссияларының жұмысына қатысады
.jpg)
АҚ «Бахус» зауытында тағам өндірісі факультетінің студенттері практика өтуде
Факультет студенттері Қала күніне, ҚР Тәуелсіздігі күніне, Республика күніне, Наурыз мейрамына бағытталған университеттік және қалалық іс-шараларға белсенді қатысады: жастар шеруі, ЖОО Аллеясы, факультетаралық және жоғары оқу орындары арасындағы брейнрингтер, дебаттар, КВН және т.б. Сонымен қатар факультеттің өзіндік дәстүрлі мейрамдары бар: Тағам саласындағы жұмысшы күні, Нан мейрамы, Денсаулық мейрамы, республика бойынша, сонымен қатар алыс және жақын шет елдердегі барлық көрмелерге қатысады
Факультет студенттерінің қызықты өмірі
Студенттердің халықаралық көрмелерге қатысуы
Факультет иелігінде студенттердің үнемі ұлғайып отыратын контингентінің шаттарына сәйкес және оқу үрдісінің өзгеріп отыратын әдістері мен технологияларын қамтамасыз ететін заманға сай материалды-техникалық база бар.
Факультетте тағамдық технологиялардың Ғылыми-зерттеу институты, тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің тіркелген зертханасы жұмыс істейді.
Студенттер азық-түлік өнімдерінің сапасын анықтауда
Жыл сайын факультет 400-ден астам маман шығарады, соның ішінде Ресейден, Өзбекстаннан, Қытайдан, Моңғолиядан. Факультет студенттер «Болашақ» бағдарламасы бойынша Манчестерлік, Бостондық, Ондонгтік университеттерде білім алады және шет елдік әртұрлі ҒЗИ мен университеттерінде (Австралия, Испания, Германия, Ресей, Польша және т.б.) тәжірибе өтеді.
Факультет түлектері білім беру мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда тағам өнімдерін өндіру технологиясы, өсімдік текті және жануар текті өнімдер мен шикізаттарды өңдеу және сақтау бойынша педагог, ғылыми қызметкер, инженер-технолог ретінде, азық-түлік тауарларын зерттеу мен сертификаттау бойынша маман ретінде қызмет етеді.
Факультет түлектері ірі кәсіпорындарда сәтті басшылық етеді: Омаров Толымбек Есенжолович – ҚР АШМ аппаратының жетекшісі, Усембаева Жибек Калиевна – Қазақстан Республикасының Әкімшілігінің бас инспекторы, Остриков Александр Иванович – Цесна Астық, Карпюк Виктор Иванович – диірмендік кешен бастығы, Мнацаканян Рудик Гайкович - «Дионис» шарап зауытының бас директоры, Агибаев Медельбек Кемелбекович - «Цесна-Мак» ЖШС директоры, Құлажанов Талгат куралбекович - «Алматы технологиялық университеті» АҚ президенті, Ахмаров Абубакар - «КазалкоЦентр» РМК бас директоры және т.б. Олардың барлығы АТУ мақтанышы болып табылады.
Ғылымның дамуына факультеттің жетекші педагогтары – Изтаев А.И., Кизатова М.Ж., Витавская А.В., Хожамуратова С.Ш., Иманбеков К.И., Таусарова Б.Р., Онгарбаева Н.О., Алмабеков О.А., Лесова Ж.Т., Алимарданова М.К., Жилкибаев О.Т., Диханбаева Ф.Т. және т.б. үлкен үлес қосты. Факультет ғалымдары Мәскеу мемлекеттік университетінің тағам өндірісі, Одесс ұлттық академиясының тағам технологиясы бойынша жетекші кафедраларымен, Киев ұлттық технологгиялықуниверситетімен, Шығыс-Сібір технологиялық университетімен, Ошск технологиялық университетімен, Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен, Семей технологиялық университетімен, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен және тағы басқа көптеген жоғарғы оқу орындарымен бірлескен зерттеулер жүргізеді.
Факультетте 05.18.01 - Астықты, бұршақ тұқымдастарды, жармалы өнімдерді, жемісті-көкөністі өнімдерді өңдеу, сақтау және қайта өңдеу және жүзім өсіру технологиясы, 05.18.04 – Ет, сүт, балық өнімдерінің және тоңазыту өндірісінің технологиясы мамандықтары бойынша магистратура, аспирантура, докторантура, докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Д.14.61.17 диссертациондық кеңесі жұмыс істейді.
Факультеттің жетекші оқытушылары бакалавриат және магистратура мамандықтары үшін жоғары білім алудың мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын, сонымен бірге арнайы пәндердің типтік бағдарламаларын құрастырушылары болып табылады. Соңғы жылдарда олар 24 оқулық пен 46 оқу құралын басып шығарды. ПОҚ оқу үрдісі кезінде қазіргі заманға сай интерактивті, қашықтықты оқыту технологияларын кеңінен қолданады. Әр кафедрада Ғаламторға жалпы жұмыс істеуге болады, АТУ-дегі білім алу сапасын жоғарлату үшін қолайлы шарттар жасайтын «Тамос» жүйесі қолданылады.
Кадрлар дайындау сапасын жетілдіру, ғылым мен білімнің интеграциясы, сапалы білім алу арқылы елдің индустриалдыинновационды политикасын реализацияның соңғы мақсатын қамтамасыз ету Алматы технологиялық университеті үшін ұтымды болып табылады.