Сырттай оқыту факультеті негізінде ашылған Сырттай және қашықтықта оқыту институты Бүкілодақтық тағам өнеркәсібі сырттай оқыту институтының Алматы филиалы (БТӨСОИ АФ) болып ашылған 1957 жылдан бастау алады.
2007 жылдың маусым айынан бастап, Алматы технологиялық университеті мен Алматы технология және бизнес университеті біріккен соң, институт директоры болып г.-м.ғ.д., профессор Өмірсеріков Мұрат Шөкейұлы тағайындалды.
Институт құрамында 3 бөлім бар:
- оқу ісін ұйымдастыру бөлімі, бөлім бастығы х.ғ.к., доцент Нұранбаева Бұлбұл Молдашқызы;
- қашықтықтан оқытуды дидактикалық жабдықтау бөлімінің бастығы т.ғ.к., Садыр Гульмира Ауезхановна;
- техникалық-ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі. .jpg)
Университетте сырттай оқу бөлімінде барлық мамандықтар бойынша дайындалады, соңғы жылдары барлық бағыттар бойынша жаңа мамандықтар ашылды. Олар: жеңіл өнеркәсіп пен тоқыма бұйымдарын көркем әрлеу және модельдеу; органикалық заттардың химиялық технологиясы; стандарттау және сертификаттау; техника және технологиялардағы ақпараттық жүйе; тұрмыстық қызмет көрсету және сервис; мемлекетті және жергілікті басқару; менеджмент. 2005-2006 оқу жылынан бастап сырттай оқыту бөлімінде оқитын студенттерді оқытудың кредиттік технологиясы бойынша даярлау іске асуда. Біртектес мамандықтар бойынша жоғары білім негізінде және аяқталған орта арнаулы білім негізінде екінші мамандық алу үшін қысқартылған білім беру бағдарламалары кеңінен қолданылады.
Сырттай оқытуды дамытудың болашағы қашықтықта оқыту енгізумен тікелей байланысты, мұнда жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолдану ұсынылады. Қашықтықта оқыту технологиясы бойынша студенттерді даярлау 2006 жылдан бастап жүргізілуде.
Институт студенттері мен бітірушілерінің саны тұрақты түрде көбеюде. Сырттай оқыту түрі бойынша бітірушілер 1975 жылдан бастап тоғыз есеге өсті. Егер БТӨСОИ АФ филиалының бірінші курсында барлығы 196 сырттай оқитын студент болса, қазіргі кезде студенттер контингенті 3 мыңнан аса адамды құрайды, олар технологиялық, инженерлік және экономикалық бағыттағы 50 мамандық бойынша білім алуда.
Соңғы жылдары мамандар даярлаудың жаңа бағыттары және жаңа мамандықтар ашылды, олар: тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын көркем безендіру мен үлгілеу; органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы, стандарттау мен сертификаттау; техника мен технологиянның ақпараттық жүйелері; тұрмыстық қызмет көрсету және сервис; кәсіпорындарындарда мемелекеттік және жергілікті басқару; менеджмент.
Институт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мамандарды даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа оқу корпусында орналасқан, қашықтықта оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған: мультимедиалық кабинеттер, электронды оқу залы бар, оқытуды басқарудың «Прометей» және «Tamos University Suite» авторматтандырылған жүйесі енгізілген.
Факультетті бітірушілер жеңіл және тағам өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындарында барлық меншік нысандарында, кіші және орта бизнесте, сонымен қатар, қызмет көрсету салаларында еңбек етуде. Факультетті бітірушілер арасында республикаға және шет елдерге танымал модельер-дизайнерлер Досказиева Д., Жақпарова Л. және т.б. модель бизнесі саласының әйгілі кәсіпкерлері: Альджанова А. («АК-студио» ательесі), Вайлюлина Е. («Ангельхер»), Кадуцкая Н., Байбатырова М., («Арт-сахна» ательесі), Логвина О. – («ПроFashion» жорналының бас редакторы) және т.б. бар.