Білім беру қызметі > Бакалавриат АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (АТУ)
Жоғары базалық білім беру (бакалавр дәрежесіне 4 жыл оқыту) және жоғары ғылыми-кәсіптік білім беру (магистр дәрежесіне 1-2 жыл оқыту) үшін 2008 жылға күндізгі және сырттай (5В042100 және 5В073200 мамандықтарынан басқа) оқу бөлімдеріне төмендегі мамандықтар бойынша студенттер қабылдайды (жақшада көрсетілген ҰБТ-да болатын бесінші пән):
5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы » (химия)
ет және балық өнімдерінің технологиясы;
сүт және сүт өнімдерінің технологиясы;
майлар, консервілер және тағам концентраттары технологиясы;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;
қоғамдық тамақтандыру және арнайы тағайындалған өнімдер технологиясы
5В072600 «Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» (физика)
тігін бұйымдарының технологиясы мен құрастыру;
тері және былғары бұйымдарының технологиясы және құрастыру;
жуңіл өнеркәсіп бұйымдарын моделдеу және көркем безендіру
5В042100 «Дизайн» (шығармашылық емтихан)
костюм дизайны;
жарнама дизайны;
интерьер дизайны
5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» (физика)
тоқым және жеңіл өнеркәсібінің машиналары мен аппараттары;
тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары;
5В072800 «Өңдеу өндірісінің технологиясы» (химия)
астықты өңдеу, сақтау және қайта өңдеу технологиясы;
нан және макарон өнімдерінің технологиясы;
кондитер және қантты өндірістерінің технологиясы;
ашыту технологиясы және шарап жасау
5В073300 «Текстил бұйымдарының технологиясы мен жобалауы» (физика)
трикотаж бұйымдарының технологиясы және жобалау;
өңдеу өндірісінің технологиясы;
табиғи және химиялық талшықтар өндірісінің технологиясы;
иіру технологиясы
5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (химия)
биологиялық активті заттардың химиялық технологиясы;
мұнай химия өндірісінің технологиясы
5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» (физика)
азық – түлік өнімдерін стандарттау және сертификаттау;
азық – түлік емес өнімдерді стандарттау және сертификаттау
5В070100 «Биотехнология» (биология)
тағамдық биотехнология
5В070200 «Автоматтандыру және басқару» (физика)
технологиялық процестерді автоматтандыру;
басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру
5В070300 «Ақпараттық жүйелер» (физика)
5В060200 « Информатика» (физика)
қолданбалы және жүйелік бағдарламалау;
компьтерлік дизайн және графика
5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» (физика)
5В050600 «Экономика» (география)
өндіріс экономикасы.
5В050700 «Менеджмент» (география)
өндіріс менеджменті
5В050800 «Есеп және аудит» (география)
5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (география)
муниципалды менеджмент
5В051100 «Маркетинг» (география)
маркетинг және коммерция
5В091200 «Ресторандық іс және қонақ үй бизнесі» (география)
ресторан ісінің технологиясы және ұйымдастыру;
ресторан ісін басқару және маркетинг;
қонақ үй бизнесі;
қонақ үй бизнесін басқару және маркетинг;
5B090400 «Әлеуметтік мәдени сервисі» (география)
тұрмыстық қызмет;
әлеуметтік сервис
5В050900 «Қаржы» (география)
5В060800 «Экология» (биология)
өндірістік экология
5В090200 «Туризм» (география)
туристік қозғалысты ұйымдастыру және қызмет көрсету;
туризм саласындағы басқару және маркетинг
5В012000 «Кәсіптік білім беру» (география)
еңбек технологиясы
кәсіпкерлік технологиясы
АТУ - қос диплом алу мүмкіндігін береді: АТУ дипломы және Польшадағы Қонақ үй бизнесі және қоғамдық тамақтандыру Академиясының дипломы.
5В072700, 5В072800, 5В070100, 5В091200, 5В090200, 5В050700, 5В051100 мамандықтарда оқитын студенттер үшін Польша, Франция, Швейцария, Греция, Италия, Бельгия тағы басқа да өндірістік тәжірибе алу мүмкіндігі бар.
Бакалавриаттың, магистратураның және докторантураның дарынды студенттеріне шетелдік серіктес – университеттерде оқуды жалғастыруына мүмкіндік беріледі.
АТУ – дің түлектеріне ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ мәселесі қиындық туғызбайды. Біздің студенттер оқуды бітіргенінше жұмыс тауып алады.
СТУДЕНТТЕР ҚАБЫЛДАУ: бюджеттік оқуға - қолында мемлекеттік грантын алуға куәлігі бар азаматтар қабылданады, төлем ақылы оқуға -ҰБТ – мен кешенді тесттің нәтижесіне сәйкес мемлекеттік сертификаты бар абитуриенттер алынады. Төлем ақылы оқуға біртектес мамандықтар бойынша арнаулы орта оқу орындарын бітірушілер және жоғары оқу орындарын бітіргендер қысқартылған білім беру бағдарламаларына емтихансыз қабылданады.
Оқу ақысы мемлекеттік грантының тиісті жылғы бағасына балама шамамен төленеді.
Жататын орны жоқ студенттерге жатақхана беріледі.
Басқа облыстардағы абитуриенттер біздің университетке түсуі үшін өтінішінде АТУ-дің мамандықтары мен коды (053) көрсетілген құжаттарын жақын жердегі базалық жоғары оқу орнына тапсыруы қажет.
Кешенді тестілеуге және мемлекеттік білім беру грантына қатысу үшін керекті
ҚҰЖАТТАР:
- арнаулы бланкідегі өтініш;
- аттестат немесе диплом (түпнұсқасы);
- ҰБТ-ны (Ұлттық біріңғай тесті) тапсыру туралы мемлекеттік сертификат;
- тестілеу үшін Халық Банкіне төлеген ақы туралы түбіртек;
- жеңілдікке құқық беретін құжат (бар болған жағдайда);
- өлшемі 3х4 екі фотосурет;
- жеке куәліктің көшірмесі (түпнұсқасын көрсету қажет)
Университет жанындағы Технология-экономикалық колледж тамақ және жеңіл өнеркәсіптері мамандықтары бойынша 11-ші және 9-шы сыныптар негізінде дайындық жүргізеді.
АТУ – білім саласында 50 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан тамақ, өңдеу, текстил және жеңіл өнеркәсіптеріне арнайы бейімделген Қазақстандағы бірегей жоғары оқу орны.
АТУ- Қазақстандағы 60 жетекші ЖОО қатарына кіріп, техникалық ЖОО арасында 3 орынға ие болды.
АТУ – мемлекеттік аттестациядан өткен, Ұлыбританиядағы сапаны бақылайтын MIC Дүниежүзілік инспекциясының ISO 9001-2000 сапа Сертификатына, іскерлік тәжірибеде жоғары сапаға жеткені үшін Швейцариядағы Халықаралық қорының Алтын медаліне, Ресей агроөнеркәсіп көрмесінің Алтын медаліне, Ресей ет индустриясы форумының екі Алтын медаліне және Франциядағы өнеркәсіпке мүмкіндік туғызу Ассоциациясының Алтын медаліне ие болған жоғары оқу орны.
Жас жігіттер мен қыздар!
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ
қош келдіңіздер!
Мекен жайы: 050012, Алматы, Төле би көшесі, 100.
(Байтұрсынов көшесінің қиылысы), 108 бөлме.
Анықтама үшін тел.: (8-727) 293-52-96, 293-52-81.
Факс: 293-52-92, http:// www. atu.kz.
E-mail: atukz@mail.ru
|