Білім беру қызметі > Магистратура 2008-2009 оқу жылына бюджеттік және оқу негізінде күндізгі магистратура бөліміне төмендегі мамандықтар бойынша қабылдайтынын жариялайды:
1. мамандық 6N0506 – «Экономика»
2. мамандық 6N0507 – «Менеджмент»
3. мамандық 6N0701 – «Биотехнология»
4 мамандық 6N0702 – «Автоматтандыру және басқару»
5. мамандық 6N0703 – «Информациялық жүйелер»
6. мамандық 6N0724 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)»
7. мамандық 6N0726 - «Жеңіл өнеркәсібі бұйымдары технологиясы және конструкциялануы »
8. мамандық 6N0727 - «Азық-түлік өнімінің технологиясы»
9. мамандық 6N0728 - «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»
10. мамандық 6N0732 – «Стандарттау, м етрология және сертификаттау»
11. мамандық 6N0733 - « Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы»;
12. мамандық 6N0735 – « Тағамдық қауіпсіздік »;
13. мамандық 6N0902 – «Туризм»;
14. мамандық 6N0906 - « Тұрмыстық қызмет және сервис».
1. Құжаттар 1 шілдеден 30 шілдеге дейін қабылданады. Емтихандар 1-20 тамыз аралығында өткізіледі. Оқуға қабылдау 31 тамызда аяқталады.
1. Магистратураға жоғары білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
Магистратураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдарға келесі құжаттарды тапсырады: 1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжат көшірмесі;
3) бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
4) 3,5x4,5 көлеміндегі алты фотосурет;
5) 086 -У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;
6) жеке куәлігінің көшірмесі;
7) бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
8) ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыруды және оқудың шығыстар төлемақысын кепілдендіретін хат;
9) құжаттар тізімдемесі.
2. Түсу емтиханын өткізудің тәртібі
1. Магистратураға түсуші азаматтар түсу емтихандарын тапсырады:
1) бір шет тілі бойынша (ағылшын, француз, неміс);
2) мамандық бойынша.
2. Магистратураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады:
1) қазақ немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);
2) мамандық бойынша.
3. Басқа шет тілдері (араб, қытай, түрік, жапон тілдері және басқалар) бойынша емтихан тапсыру туралы және (ауызша, жазбаша) емтихан тапсыру нысаны бойынша мәселе білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы шешеді және жеке тәртіпте қарайды.
4. Магистратура түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар жоғары білім беру пәндері бойынша үлгі бағдарламалардың негізінде қалыптастырады.
Оқу орнының мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Толе би көшесі,100, АТУ, бөлме 105, 619
|