Тарихымыз >
1999 - Алматы технологиялық университеті;
1996 – Алматы технологиялық институты;
1966 – Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркәсібі технологиялық институтының Алматыдағы филиалы;
1957 - Бүкіл Одақтық тамақ өндірісі сырттай оқу институтының Алматыдағы филиалы.
Алматы қаласының орталығында Төле би және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында Алматы технологиялық университетінің бас ғимараты биікке бой тартады. Жарты ғасырға жуық уақыт бойына бұл университет қабырғасынан 30000 астам адам жоғары білім алып шықты. Қазіргі таңда АТУ түлектері Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінде және шетелдерде жұмыс істеуде. Олар өздерінің білім алған қара шаңырағын үлкен алғыспен еске алады. Бәрі де былай басталған еді.
1957 жыл, 10 мамыр. КСРО өнеркәсіптік және азық-түлік тауарлары Министрлігінің және КСРО Жоғары білім Министрлігінің жарлығымен № 155/548 Инженер-техникалық қызметкерлері мен басшыларын жетілдіру институтының Алматы филиалы КСРО Жоғары білім Министрлігінің қарауына беріліп, Жалпыодақтық тамақ өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы болып құрылды, директоры Иванова Е.Ф. тағайындалды.
1966 жыл, 4маусым. РКФСР Министрлер Кеңесінің жарлығымен Жалпыодақтық тамақ өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының қарауына берілді.
1 966 жыл, 11 тамыз. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жарлығымен №1365-р Жалпыодақтық тамақ өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалы болып өзгертілді.
1996 жыл, 7 мамыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен № 573 Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалы Алматы технологиялық институты болып құрылды.
1999 жыл, 18 тамыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алматы технологиялық институты коммерциялық емес ұйым ретінде „Алматы технологиялық университеті” акционерлік қоғамы болып құрылды.
2003 жыл, 15 желтоқсан. Қазақстан Республикасының „Акционерлік қоғамдар туралы” Заңының № 415 негізінде 2003 жылдың 12 мамырынан бастап акционерлердің жалпы отырысында қабылданған шешім бойынша ( №14 хаттама) „Алматы технологиялық университеті” жабық акционерлік қоғамы „Алматы технологиялық университеті” акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді.
Уақыттың түрлі шежіресінен сыр шертер бұл жылдар Қазақстан Республикасының басты жоғары оқу орындарының тарихы болып жазылып қалды. Алайда кез келген оқу орнының жемісті еңбегі онда жұмыс істейтін жандарға байланысты. Әсіресе университеттің қалыптасу тарихының әр кезеңдерінде Алматы технологиялық университеті басшыларының атқарған еңбегі шексіз.
Біздің марапаттарымыз
|