Тарихымыз > АТУ ұжымы және басшылығы университетті дамытудың басты мәселелерін шешуде тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасайды. Университет бағдарламасының басты бағыты ынтымақтастық және серіктестік.
Университеттің басты мақсаты техника мен технологиялық басты салаларында жаңалықтармен хабардар сапалы мамандарды даярлау. Олар әртүрлі саладағы кәсіпорындар, ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасау барысында жаңашыл білімдерін кеңінен қолдана алуы тиіс.
Университет қызметінің жүйесі шоғырлануы стратегиялық серіктестермен ұзақ мерзімдік қарым-қатынас орнатуға, ғылым және білім кооперациясын құруға, жаңашыл әрекеттерді жүзеге асыруға, бірыңғай ақпараттық жүйені дамытуға, білім, ғылым, мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастық құруға, АТУ түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы мақсатқа жету үшін университет өз серіктес кәсіпорындарымен бірігіп мынадай мәселелерді шешеді;
-үздіксіз білім беру жүйесін дамыту: орта кәсіби білім, жоғары кәсіби білім ЖОО кейінгі білім (магистратура, докторантура), мамандардың біліктілігін арттыру және мамандарды даярлау;
-қолданбалы және негізгі зерттеулерді дамыту, жоғары білікті мамандарды даярлауда жаңашыл ғылыми жетістіктерді белсенді түрде қолдану;
-Білім, рухани, мәдениет өнеге жинау және оны таратуға мүмкіндік беретін жоғары оқу орнының қоғамдық институт ремінде қалыптасу ролі мен беделін нығайту;
-Стратегиялық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту, басқарудың қазіргі жаңашыл әдістерін қолдану.
-Жоғары оқу орнының адами әлеуеттік күш-қуат сапасын сақтау және көтеру, соған сәйкес әлеуметтік серіктестік принциптерін жүзеге асыру.
|