Ректорат беті > АТУ Ректоры, академик
Құлажанов Құралбек Садибаевич
Алматы технологиялық университеті бүгінгі таңда Қазақстандағы жоғары оқу орындардың тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары кадрларын дайындауда тәжірибеге және дәстүрге бай республикамыздан тыс алыс жерлерге дейін әйгілі жетекші оқу орындардың бірі болып табылады.
Дегенмен, жарты ғасыр ғана бұрын бұл өзекті мәселе, елімізде тамақ және жеңіл өнеркәсіп технологиясы мамандарының өте тапшылығына байланысты өз кадрларымызды тәрбиелеп шығару мақсатында АТУ ынталы, жігерлі және өз істеріне берілген мамандармен жасақталған.
Бүгінгі таңдағы АТУ Міндеті болып біріншіден, парасатты және өнегелі, жоғары білімді, мамандар дайындаумен шектелмей және оқуын бітіргеннен соң да ғылым, өнеркәсіп, басқару және өзге де жауапты қызметтерге сай кәсіби білімді ұйымдастырушылар, екіншіден, жоғары білімді және маман ретінде қалыптасқан, командада жұмыс істей алатын, кең ауқымды және белсенді қызмет барысында өз білімін үздіксіз жетілдіруге қабілетті тұлға етіп шығару.
Біздің жоғары оқу орнында білім беру процесстерін басқарудың негізгі мәселелері білім берудің жаңарған жүйесі жағдайында ең алдымен оқытушының кәсіпкерлілігі мен құзіретін менеджмент субьектісі ретінде жоғарылату арқылы шешіледі. Дәл осылайша университет сапасын менеджмент жүйесін сертификаттау механизмі көмегімен оны халықаралық деңгейге сәйкестігін мойындатуға бағытталған АТУ-дың университетті басқарудың жаңа үлгісіне көшу шарты белгіленеді. Дәл осы бағыттағы істелінген істер АТУ-ға мамандарды дайындау сапасын жоғарылату мәселелерін кешенді және заманауи деңгейде шешуге нақты мүмкіндіктер береді, сонымен қатар іске асырылуы қазіргі сәтте ғана емес, сонымен қатар келешекте болашағы одан да бола беретініне сенім зор.
Алматы технология университетінің ұжымы соңғы жылдарда республиканың жоғары оқу орындарының Бас көрсеткішінің (рейтингінің) жоғарғы санатын иеленуде, сондықтан да Қазақстанның гүлденуіне міне, 50 жыл бойы өзінің лайықты үлесін қосқанына мақтанышты. Әрине, АТУ-нің ең басты байлығы тәуелсіз Қазақстанның жаңаша құрылуы мен экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосқан, оның ұшырып шығарған 30 мың түлегі екені сөзсіз.
|