Европейское качество – это про нас
Европейская ассамблея бизнеса (Великобритания) и Центр исследования рынка (Россия) удостоил Алматинский технологический университет награды «European guality» (Европейское качество) за стремление достичь высокого качества образовательных услуг в соответствии с европейскими стандартами.
Вручение награды состоялось 26 ноября в Актовом зале АТУ. Представитель Европейской ассамблеи бизнеса и координатор Международного центра исследования рынка А.В. Шершавин вручил почетные знаки и сертификат «Европейское качество» президенту АТУ, доктору технических наук профессору Т.К. Кулажанову, который в краткой ответной речи отметил следующее:
С 2004 года Алматинский технологический университет является активным членом Международной ассоциации университетов. Подписано 37 договоров с зарубежными университетами – партнерами, благодаря чему расширяется спектр образовательных услуг, растет их качество. Наш университет – активный участник и грантополучатель программ Европейской комиссии, Всемирного банка развития, правительства Японии и Южной Кореи. Университет – обладатель ряда международных наград. В его активе Золотая медаль Ассоциации содействия промышленности (Франция), Золотой сертификат качества (Швейцария) – знак признания вуза лидером в своей отрасли, узнаваемый во всем мире.
Но главное достояние АТУ – подчеркнул Т. Кулажанов – это сплоченный коллектив вуза и более 40 тысяч выпускников, которые трудятся на всех ведущих предприятиях пищевой и легкой промышленности Казахстана.
Приятным дополнением знакового для университета события стали музыкальные номера, подготовленные студентами и прозвучавшие в заключение торжественной церемонии награждения
«Атаңнан тал қалғанша, мал қалсын»
Осы мақалды қағидаға алған Алматы технологиялық университетінің Жастар кеңесі 16- қарашада Фуркат көшесіндегі №3 ғимараттың алдына он түп шырша ағашын отырғызды. Осыдан он жыл бұрын АТУ-да Жастар кеңесі алғаш құрылғанда университеттің бас ғимаратының алдына университет басшылары мен студенттер шыршалар отырғызған болатын. Қысы-жазы жасыл желек жамылып тұратын ерекше шырша талы– мәңгі жастық пен өмірдің сиволындай екені сөзсіз. Жастар кеңесі биылғы он жылдық мерейтойында көптеген іс-шараларды қолға алып, өзгеге өнеге боларлық жұмыстарын жалғастыруда. Бұл шараның негізгі міндеті мен мақсаты да жастарға табиғат сырын түсіндіріп, өзгелерді табиғатты аялауға, қоршаған ортаға бей-жай қарамауға шақырды. «Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа» деген екен (1321-1396) алтын орда дәуірінің ақыны Сайф Сарай. Қазақ халқы табиғитпен үйлесімді өмір сүру барысында оның адам өмірі үшін маңыздылылығын қадірлей отырып, оның тылсым құпияларын қашанда зерделеп, зерттеуге тырысқан. Табиғат пен өмір егіз. Табиғат бар жерде өмір бар.
Табиғат неткен кең едің,
Халқыңа көп қой берерің.
Өзіңнен алған байлықты,
Көзіммен көріп келемін,–деп оның шексіз мейірімі мен жомарттығын ақындар тектен-текке жыр жолдарына арқау етпесе керек. «Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді: табиғат адамды тудырған болса–адам табиғатты жаңғыртады» деген француз жазушысы (1844-1924) Анатоль Франстың сөзі шынында да санамызға ой саларлық маңызды пікір.
«Бір тал кессең, он тал ек» қазақтың дуалы аузынан шыққан осынау аталы сөзін есте ұстайтын әр саналы азамат табиғаттқа жанашырлықты өзіне перзенттік парызы санауы заңды. Ату-дың тәрбие ісі жөніндегі проректор Қ.С.Батхолдин, оқу–ісі жөніндегі проректор А.Б.Оспанов мырзалар қолдарына күрек алып шырша егу жұмыстарын бірінші болып бастады. Факультет декандары мен олардың орынбасарлары да осы күннің белгісі ретінде шырша отырғызып, жер ананың ризашылығына бөленді. Сондай-ақ, бұл күні Жастар кеңесінің белсенділері мен озат осы университеттің түлектері де шырша желегін отырғызды. Әр нәрсе өз уақытымен қызықты» демекші, Жастар кеңесінің он жылдығына отырғызылған бұл шыршалар нешеме жылдар жылжып өтсе де, өткен күннің бір белгісі болатыны анық.
Бұл күн біздер үшін ерекше күн екені рас. Өз қолымызбен отырғызылған мәңгі жасыл шыршалар Жастар кеңесінің мерейтойының белгісі. Осы жерге бүгінгі күнді, шыршаларды кімдер, не үшін отырғызғаны туралы естелік жазылған тақта орнатпақпыз. Алдағы уақыттарда да Жастар кеңесі осындай игілікті істердің дамуына ұйытқы болып, салауатты ұрпақ жолындағы жұмыстарын әрі қарай жалғастыра бермек. Сондықтан да, жастарымыз жауапкершілікті терең сезініп, үнемі ізденісте жүреді,– дейді университеттегі тәрбие ісі жөніндегі проректор Қалтай Сейітұлы.
Табиғаттың, адам өмірінің мәңгілік заңын іске асырушы да – адам баласы. «Табиғат тылсымын түсіне білген адам – кіршіксіз де, асыл жан» деген орыс жазушысы Л.М.Леоновтың сөзіне мән берсек, адам рухани жанының тазалығы мен кіршіксіздігі де жер ананың жайқалған табиғатымен үндес болса керек.
Жұлдыз Бағашарова,
тілші