АТУ жастар кеңесі > Жалпы мәліметтер Мақсаты: АТУ-дағы тәрбиелеу-идеологиялық жұмыстар. Тәрбие-идеологиялық жұмыстар жүргізілетін негізгі бағыттар: - ұйымдастыру жұмыстары- адамгершілік тәрбие- құқықтық тәрбие- патриоттық тәрбие- эстетикалық тәрбие- салауатты өмір салтын насихаттау Қоғамдық өмірдегі іс-шараларда, студент жастардың ролі мен қызығушылығын арттыру арқылы танымдық - шығармашылық деңгейін көтеру.
Міндеті: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын студент жастар арасында іске асыру.- студент тұлғасының шығармашылық жағынан өзін көрсете білуіне бағытталған әлеметтік-мәдени орта қалыптастыру;- студенттің азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қазіргі өмірге сайадамгершілік және мәдени құндылықтарды көбейту мен сақтау, университет дәстүрін сақтау. - Студенттің интеллектуалды, мәдени және адамгершілік дамуындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Университетте жалпы ЖОО басқарудың ажырамас бөлігі, студенттік өмірдің маңызды қызметі ретінде студенттік өзін-өзі басқару болып табылады. Жастар Кеңесі - әрдайым жаңа идеялар шығаратын белсенді студент жастар ордасы. Университеттегі тәрбиелік және әлеуметтік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Студент жастардың құқығын, еркіндігі мен көзқарасын сақтау, жастар мәселесіне қатысты 1999 жылдан бастап университетте өзінің Жарғысы мен құрылымы бар Жастар Кеңесі қызмет атқарады.
Жастар Кеңесінің іс-әрекетіне ректорат тарапынан қолдау жоғары деңгейде көрсетіледі. Университет студенттері арасында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, студенттердің түрлі сала бойынша қызмет көрсете білуі үшін әр факультетте Жастар ісі жөніндегі Комитет (ЖІК) жұмыс жасайды.
Университеттегі тәрбие үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі, студенттер арасында құқықтық білімді насихаттау, өнегелілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. ЖОО-да құқықбұзушылықтың алдын алудағы нақты іс-шаралар қолға алынған.
Жастар Кеңесінде жоғары тәрбиелі жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың төмендегідей негізгі бағыттары:
- мәдени-көпшілік, ғылыми-ағарту іс шараларды өткізу мен үйлестіру
- студенттердің азаматтық және патриоттық сезімін тәрбиелеу
- студенттер арасындағы құқықбұзышулықтардың алдын алу бойынша жұмыстар ұйымдастыру
- студенттерді ақпараттық қамтамасыз ету
- Рухани-эстетикалық және еңбекке тәрбиелеу.
- Жеке тұлғаның ой-танымын дамыту
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар
- Студенттік ортада Қазақстандағы тұрақтылық пен ұлтаралық келісім мен достықты қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар.
|