Заттық-техникалық өмір > Баспа кешені 1996 жылдың қыркүйек айында АТУ-да редакциялық баспа бөлімі (РББ) ашылды, ол кезде бұл ұжым авторлық қолжазбаларды өңдеу, материалдарды түзеу, аз көлемде оқу-әдістемелік қуралдарын босып шығару сияқты басты мәселелермен айналысты. Ұжым құрылған 1998 жылдан бері редакциялық баспа бөлімін т.ғ.к., доцент жақсылықова Г.Н басқарады. Уақыт өте келе РББ ұжымы кеңейді. Қазіргі таңда баспада редакторлар, дизайнерлер, терушілер, аудармашылар, инженерлер жұмыс істейді. Бөлім меңгерушісі-Тусіпова Жібек Мақсутқызы.
1996 жылдың қыркүйек айында "тамақ технологиясы және сервисі" журналы БАҚ-қа тіркеліп, куәлік берілді. бұл университет қызметкерлерінің, басқа жоғары оқу орындары мамандарының, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары мен Қазақстан және шетел ұйымдары мамандарының авторлық мақалалары мен ғылыми еңбектерінің жарыққа шығуына көп мүмкіндік жасады.
ВАК ұсынысымен баспаға берілген басылымдардың ішіндегі ғылыми еңбектердың басты ережелері "Тамақ технологиясы және сервисі" журналында жарық көрді, ол АТУ-дың мамандықтарына өте қажет құрал болып табылады. Журналдың басты тақырыптық бағыты-жеңіл және тамақ өнеркісібіне жаңашыл технология мен жаңа құрал-жабдықтарды жасау саласында өзекті мәселелерді көтеру, экономика мен білім саласындағы зерттеудерді жарыққа шығару.
Университеттің кеңеюі, жаңа мамандықтар мен колледждің ашылуы қазақ және орыс тілдерінде оқу және оқу-әдістемелік әдәбиеттер санын көбейтуге себеп болды. Бұл РББ-ның техникалық мүмкіндігі мен қуаттылығын күшейту қажеттілігін туғызды.
2001 жылдыан бері РББ университет қызметінің басым бағыттарын жариялайтын "АТУ ақпараттық бюллетені" айлық басылымы шығып тұрады. Бұл басылымда Қазақстан Республикасы, ТМД халықтары мен шетел мерзімді басылымдарының библиогрфиялық анықтамалығы, халықаралық жобалар жайында, алдымыздағы халықаралық симпозиумдар жөнінде, конференциялар мен көрмелер туралы мәліметтер басылып турады. Университет Қазақстан Республикасының НЦНТИ және Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасымен қарым-қатынас жасауға келісімге отырды. Бұл оқырмандарға- ғалымдар мен оқытушыларды, аспиранттар мен магистранттарға, студенттерге дер кезінде қажетті ақпарат алуға, керек әдебиетті оқуға мүмкіндік берді.
.jpg)
Университет өмірінің жаңалықтарын қыметкерлер мен студенттер "Технолог" газетінен оқып тұрады. Бұл газетті редакторлық - баспа бөлімі ай сайын шығарып тұрады. Баспа ьөлімі АТУ-да өтілетін барлық іс-шараларды типографиялық жағынан қамтамасыз етеді. Ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары осы баспада басылады.
Шығарылатын жоғары сапалы өнім көлемінің ұлғаюы, түрлі қызмет көрсету салаларының кеңеюі РББ техникалық мүмкіндігін үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Бүгінгі күні баспа бөлімі оқу кұралдарын, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды жоғары сапалы деңгейде басып шығаруды, баспа қазіргі заманға сай техникалық база жабдықталған.
|