Заттық-техникалық өмір > Ақпараттық технология басқармасы
Ақпараттық технология басқармасы (АТБ) АТУ-дың кұрылымдың бөлімшесі болып табылады. Ол оқу процесіне бірыңғай ақпараттық ортада қазіргі ақпараттық технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді.
2004 жылы АТУ-да университеттің ақпараттық қоры болып табылатын ресми веб-сайт ашылды, оған ақпараттық технология басқармасы қолдау көрсетеді. Университеттің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту мақсатында жергілікті жүйе жұмыс істейді, ол барлық оқу, әкімшілік бөлімдерін байланыстырады, бас жүйе Интернетке кіруге мүмкіндік береді.
АТБ компьютерлер, телекоммуникация және оргтехникаға техникалық қызмет көрсетеді. Университеттің компьютерлік жүйесін бағдарламалық азықпен орталықтан қамтамасыз етеді, университеттің жергілікті жүйесін жұмыс істейтін бағдарламаларды техникалық қызметпен қамтамасыз етеді.
Әкімшілік және оқу әдістемелік құжаттардың қоры, білім порталы, электронды кітапхана, медиатека, мамандықтар мен пәндерді оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ететін мәліметтер қоры жасалды.
Ақпараттық мақсат-міндеттің жүзеге асуы барысында жаңа ақпараттық технологияны тиімді қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға жағдай жасалды.
Муның бәрі АТУ-дың қорын, жоғары мамандандырылған педогогикалық кадрларын тиімді қоладануға, қазіргі заман талабына сай мамандар даярлау және әдістемелік бағдарламалармен қамтамасыз ету, электронды оқулықтар жасауға мүмкіндік берді.Университеттің оқу процесін басқаратын “Tamos University Suite” автоматтандырылған жүйесі университеттің барлық бөлімдерін қамтиды, ол жерде жалпы және жергілікті жүйеде жұмыс істеуге болады. Кітапханада “Каталогизатор Рабис” бағдарламасын қолданады, арнаулы кафедраларда диплом және курс жұмыстарын орындау үшін компьютерлік сыныптар жұмыс істейді.
|