Әлеуметтік- мәдени өмір > Ректорат және АТУ-дың кәсіподақ комитеті АТУ-дың қызметкерлері мен студенттеріне әлеуметтік қолдау көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. ҰОС және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, жолдама және материалдық сыйлық беру, жыл сайын жаңа жылдық мейрамдар ұйымдастыруда дәстүрге айналған.
Жас ұрпаққа білім беру мен оларды тәрбиелеу күшті мемлекет құрудың негізі болып табылады. 1999 жылы АТУ-да республикадағы алғашқы Жастар ісі жөніндегі комитет (ЖІК) құрылды. ЖІК-нің қалыптасқан дәстүрі бойынша студенттердің қоғамдық ұйымы – АТУ-дың Жастар Кеңесінің негізі қаланды. АТУ Жастар Кеңесі университет қызметінің басты, түйінді мәселелерін шешуге ат салысады. Жастар Кеңесінің мүшелері Факультет Кеңесі және АТУ Ғылыми Кеңесі құрамына енген. .jpg)
Университеттің тәрбие жұмыстарын тәрбие жұмысы жөніндегі проректор және университеттің барлық оқытушылар мен қызметкерлері АТУ-дың кәсіподақ комитетіне біріктірілген, оны Батхолдин Қалтай Сейтұлы басқарады.
Жастар Кеңесін Алматы технологиялық университетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» мамандығын бітірген студент Тлеужан Рамина басқарады. .jpg)
Брейн-рингтер, дөңгелек үстелдер, әдеби-музыкалық кештер, қызықты адамдармен кездесулер, қайырымдылық акциялары, КВН, студенттік құрылыс отряды, студенттердің шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетілімдері, жас дизайнерлер байқауы және көптеген басқалары – мұның бәрі студенттік өмірдің бөлінбесі бір бөлігі болып табылады.
АТУ-дың көркемдік жетекшісі дарынды музыкант, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, халықаралық «Алтын дауыс» («Золотые голоса») байқауының лауреаты, «Көшпенділер» және «Көкбөрі» көркем фильмдеріне жазылған музыканың авторы Жүсіпәли Мақсат Әбілқайырұлы. Оның жетекшілігімен фольклорлық ансамбль, «Қарлығаш» би ансамбль, «Домбыра - дастан» оркестрі және АТУ-дың КВН командасы қалалық және аймақтық байкаулардың бірнеше дүркін жеңіпазы және лауреаты атанды. Спорт және сауықтыру секциалары жұмыс істейді, студенттер қалалық және республикалық университетаралық жарыстарға қатысады. Тағам және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында экскурсия ұйымдастырылады, беделді көрмелерге, байқауларға барады.
|