Алматы технологиялық университетінде жалпы білім беру пәндері бойынша өтетін орта мектеп бітірушілерге арналған олимпиаданың ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
1. Алматы технологиялық университетінде (бұдан әрі - АТУ) жалпы білім беру пәндері бойынша өтетін орта мектеп бітірушілерге арналған олимпиаданың ережесі (бұдан әрі - ереже) АТУ олимпиадасының (бұдан әрі - олимпиада) ұйымдастыру тәртібі мен өткізілуін, ұйымдастырушылық, әдістемелік және қаржылық жағынан қамтамасыз етілуін, олимпиадаға қатысу тәртібін және оның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
2. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері - АТУ-ға түсу кезінде дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау және әлеуметтік көмек көрсету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын анықтап, дамыту, ғылыми білімді насихаттау.
3. Олимпиадаға орта мектепті бітіруші сыныптардың оқушылары (11 сынып) өз қалауымен қатысады.
4. Олимпиада төмендегі жалпы білім беру пәндері бойынша өткізіледі: физика, математика, химия, биология, география.
2. Олимпиаданы өткізу тәртібі
1. Олимпиада үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – АТУ-да жалпы білім беру пәндері бойынша өтетін олимпиадаға таңдаған бір пәні бойынша қатысушы орта мектептің 11сынып оқушыларын тізімге алу және тіркеу.
Екінші кезең - ҰБТ технологиясы бойынша таңдаған жалпы білім беру пәндерінің біреуінен тестілеу түрінде сұрыптау сайысын өткізу.
Үшінші кезең - қорытынды жазбаша бақылау жұмысын өткізу және АТУ олимпиадасының жеңімпаздарын анықтау (әрбір жалпы білім беру пәндері бойынша І, ІІ, ІІІ орын)
2. Олимпиаданың бірінші кезеңінде орта мектептің барлық қатысам деуші 11сынып оқушыларын тіркеу.
3. Олимпиаданың екінші, үшінші кезеңдері жалпы білім беру бағдарламаларының негізінде негізгі орта білімді жүзеге асыру сатылары бойынша құрастырылған тапсырмалар бойынша өткізіледі, (одан әрі олимпиадалық тапсырмалар)
4. Олимпиаданың жеңімпаздары 2 және 3 кезеңнің қорытындысы негізінде анықталады. Олимпиаданың қорытындысы алған балдарының кемуіне қарай жасалған тізімідемеге енгізіледі. (әрі қарай қорытынды кесте). Бірдей балл жинаған қатысушылар алфавит ретімен тізімделеді.
5. Үшінші кезеңге өту үшін екінші кезеңде жинаған балл 25-тен төмен болмауы тиіс. Тест сұрақтарының саны 25, әрбір сұрақ 1 балмен бағаланады. Таңдаған пәннен ҰБТ технологиясы бойынша тестілеуге бір сағат уақыт беріледі. Үшінші кезеңге өту үшін оқушылар 17 балдан кем жинамауы керек.
6. Үшінші кезеңнің ең жоғары балы - 25 балл, әр жазбаша бес бақылау жұмысына 5 балдан беріледі. Жазбаша бақылау жұмысының уақыты екі сағат.
7. Әрбір пәннен қорытынды кесте бойынша ең жоғарғы балл жинаған олимпиаданың бірінші үштік қатысушысы олимпиаданың үшінші кезеңнің жүлдегері болып саналады.
8. Олимпиаданың 3 кезеңінің жеңімпаздарының дипломдарын АТУ ректоры бекітеді
9. Олимпиаданың өткізілуі мен оның ұйымдастырылуына жалпы жетекшілік ету АТУ - дың әділқазы алқасы мен ұйымдастырушы комитетіне жүктеледі.
10. Ұйымдастыру комитеті АТУ және Білім беру департаментінің өкілдерінен, АТУ қамқоршылар кеңесінен, АТУ түлектерінен, АТУ жастар кеңесінен құралады және АТУ ректорымен бекітіледі.
11. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:
- әрбір пәннің әділқазы комитетінің құрамы бойынша, олимпиаданың өткізу кезеңдерінің және әрбір жалпы білім беретін пәндердің өту мерзімі бойынша ұсыныстар енгізеді;
- олимпиаданың екінші және қорытынды үшінші кезеңінің жеңімпаздарын анықтайды;
- олимпиаданың қорытындысын талдайды және оның өткізілуі туралы қорытынды бойынша ректорға есеп береді;
- БАҚ-қа олимпиаданың ұйымдастырылуы және өткізілуі жөнінде ақпарат дайындайды;
12. Жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиаданы әдістемелік жағынан қамтамасыз ету олимпиаданың пән әділқазыларына жүктеледі. Пән әділқазылары АТУ ғылыми және педогогикалық қызметкерлерінен құралады.
13. Олимпиаданың пәндік әділқазылары:
- олимпиада тапсырмаларының критерийлері мен бағалау әдісін, олимпиаданың тапсырмаларының (мәтіндер, тестілеу, бақылау жұмыстарының тапсырмалары) әдістемелік нұсқауларын құрастырады.
- олимпиаданың екінші және үшінші кезеңдерінің өткізу түрлерін және техникалық қамтамасыздығын анықтайды.
Бірінші кезең- АТУ-дың қабылдау комиссиясы АТУ Олимпиадасына қатысушылардың жалпы білім пәндерінің біреуін таңдаған орта мектептің 11 сынып оқушыларын тізімдеу және тіркеу рәсімін жүргізеді.
14. Олимпиадалық тапсырмалардың орындалу барысын, тексеру және бағалауын олимпиаданың пәндік комиссиялары (әділқазы) жүзеге асырады. Пәндік комиссиялар (әділқазы) Олимпиаданың екінші және үшінші кезеңдерінің өту нәтижелерін олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне ұсынады. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті олимпиаданың 2 және 3 кезеңіндегі жеңімпаздар тізімін бекітеді.
3. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау.
1. Олимпиада жеңімпаздары санының квотасын АТУ ректоры анықтайды және құрастырады:
Жалпы білім беру пәндері бойынша:
Физика -1, 2 және 3 орын
Математика -1, 2 және 3 орын
Химия -1, 2 және 3 орын
Биология-1, 2 және 3 орын
География -1, 2 және 3 орын
2. Олимпиаданың әрбір жалпы білім беретін пәндерінің жеңімпаздары АТУ- ға түсерде, ереженің 1 пункті ІІІ бөлімінде көрсетілген, АТУ ректорының шешімімен, 1, 2 және 3 орынын алған және 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталғандар осы ағымдағы жыл ішінде АТУ ректорының атаулы грантын алуға құқығы бар.
АТУ -ға ақылы оқу негізінде түссе:
- бірінші орын алған жеңімпаздар таңдаған мамандық бойынша 100 %
- екінші орын алған жеңімпаз таңдаған мамандық бойынша 50 %
- үшінші орын алған жеңімпаз таңдаған мамандық бойынша 20 %
құнын төлейді.
3. Олимпиаданың өтілуі мен нәтижесінің есебін ұйымдастыру комитеті құрастырып, АТУ ректоры бекітеді және АТУ дың Web сайтының «Талапкер» бөлімінде орналасады.
Алматы технологиялық университетінде жалпы білім беру пәндері бойынша өтетін орта мектеп бітірушілерге арналған олимпиаданы 2 және 3өші турының өткізу графигі
|
№
|
Пәннің аты
|
2 турды өткізу мерзімі
|
3 турды өткізу мерзімі
|
Откізу уақыты
|
Өткізетін орны
|
|
1
|
Физика
|
23.02.10
|
26.02.10
|
с 15.00
|
ауд. 1210 корпус №1
|
|
2
|
Математика
|
23.02.10
|
26.02.10
|
с 15.00
|
ауд. 1208 корпус №1
|
|
3
|
Хиия
|
23.02.10
|
26.02.10
|
с 15.00
|
ауд. 1206 корпус №1
|
|
4
|
Биология
|
23.02.10
|
26.02.10
|
с 15.00
|
ауд. 1202 корпус №1 |
| 5 |
География |
23.02.10
|
26.02.10
|
с 15.00
|
ауд. 1108 корпус №1 |
Алматы технологиялық университетінде жалпы білім беру пәндері бойынша өтетін орта мектеп бітірушілерге арналған олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамы
1. Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы – АТУ ректоры, Құлажанов Талғат Құралбекұлы –АТУ президенті, төраға орынбасары.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
2. Алпысбаев С.А - АТУ-дың бірінші проректоры;
3. Мнацаканян Р.Г. – АТУ демеушілер Кеңесінің төрағасы,
«Дионис» шарап зауытының бас директоры
4. Жакаева Н.Т. - АТУ түлегі, демеушілер АТУ Кеңесінің мүшесі, ХБК «Аксай» НБК бас директоры;
5. Жусупова К.А.- ОӨЖ проректоры ;
6. Оспанов А.Б. –ОЖ проректоры;
7. Батхолдин К.С. –ТЖ проректоры;
8. Маметова З.К.- АТУ-дың қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;
9. Жилисбаева Р.О.- ЖӨжД деканы ;
10. Кизатова М.Ж.- ТӨП деканы;
11. Медведков Е.Б.- ИжАТФ деканы ;
12. Есайдар У.С.- ЭиБФ деканы;
13. Аширбаева Г.- АТУ жастар кеңесінің төрайымы.
Алматы технологиялық университетінде жалпы білім беру пәндері бойынша өтетін орта мектеп бітірушілерге арналған олимпиаданың пән комиссясының (әділқазы)құрамы
Физика
1. Воронин А.М.- к.ф.-м.н., профессор,
2. Шиникулова Г.Н.- оқытушы
3. Турлыбекова А.К.- оқытушы
Математика
1. Токбергенов Д.Б.- ф.-м.ғ.к, доцент, төраға
2. Акилова А.Ю.- п.ғ.к., доцент м.а
3. Кабдрахова С.С.- аға оқытушы
География
1. Молдагалиева А.Е.- туризм және сервистік қызмет көрсету кафедрасының меңгерушісі, г.ғ. к., доцент м.а, төраға
2. Керимбай Н. Н – г.ғ.к., доцент
3. Иманбекова Б.Т.- аға оқытушы
Химия
1. Мырзалиева С.К. –химия и экология кафедрасының меңгерушісі,.х.ғ. д., профессордың м.а, төраға
2. Ибрашева Р.К.- к.х.ғ. к, доцент
3. Сулейменова М.Ш.- к.х.ғ. к, доцент
Биология
1. Қожамуратова С.Ш.- пағам биотехнологиясының меңгерушісі, б.ғ. д., профессор, төраға
2. Макажанова Х.Х.- б.ғ. к, доцент
3. Жангалина Э.Д.- б.ғ. к, доцент м.а