Жаңалықтар07.05.2009 Алматы технологиялық университетінде Мемлекеттік тіл және мәдениетаралық қатысым кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуының 20 жылдығына орай Алматы қаласындағы техникалық жоғары оқу орындарының арасында 2009 жылдың 20 сәуірінде «Қазақ тілі – болашақ қоғам тілі» атты қазақ тілі пәнінен студенттік олимпиада болып өтті.
Олимпиадаға Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының “Заңғар”, Алматы энергетика және байланыс институтының “Сөз зергерлері”, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің “Қыран”, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының “Тұлпар”, Алматы технологиялық университетінің “Өнертапқыштар” командалары қатысып өзара сынға түсті. .jpg)
Әділқазылар құрамы жүрегі «қазақ» деп соққан, қазақ тілінің жаңа ғасырда жаңа үрдіспен дамуына үлес қосып жүрген аяулы азаматтардан құралды. Атап айтар болсақ, Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге – құрмет» қозғалысының жетекшісі, ф.ғ.к., А.А.Осман, Алмалы аудандық “Қазақ тілі” қоғамы төрағасының орынбасары Б.Ж. Жакупова, “Мемлекеттік тілді оқыту” орталығының директоры Х.С. Байсараева, Ана тілі газетінің бөлім бастығы Н.Домбай, Алматы қаласы әкімдігінің “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының оқыту бөлімінің бастығы Ұ.К. Исабекова, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы, ф.ғ.к. Ф.Қ. Қанафина, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы, ф.ғ.к. А.Т. Оңалбаева, Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының жетекші маманы М.Т.Үсентаева.
Әділқазылар шешімімен қазақ тілінің білгір студенттері ретінде ерекше көзге түскен Алматы технологиялық университетінің “Өнертапқыштар” командасы бірінші орынды иеленді. Команда мүшелері: Сейітходжаев Эльдар, Газукина Ирина, Насырова Наргиз, Демченко Екатерина және Челашаниди Константин.
Екінші орынды Л.Гончаров атындағы қазақ автомобиль-жол институты «Жол періштелері» командасы иеленді. Команда мүшелері: Шаравина Дарья, Муратов Бақытжан, Хамраева Сабинур, Кулаков Владимир, Хуршудов Латиф.
Үшінші орынды Алматы энергетика және байланыс институтының “Сөз зергерлері” командасы алды. Команда мүшелері: Құрбантаев Лазизбек, Старков Константин, Кутлуш Сабина, Саурин Андрей, Хасанов Анзор.
Олимпиаданың барлық қатысушылары мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алға жалынды жастар, сендер қазақ тілінің мерейін үстем етіп, дамуына үлес қоса беріңдер! Барлық қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
|