Магистатура түсуге ұміткер тұлғалар университетің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды өткізеді:

  • АТУ ректорының атына өтініш;
  • ҚР ЖОО түлектері үшін: білім туралы құжаттардың және оның қосымшаларының нотарилды расталған қөшірмелері;
  • шет ел ЖОО түлектері үшін: ЖОО бітіргені туралы дипломның және қосымшасының нотариалды расталған аудармасы, дипломды нострификациялау және жарамдылығы туралы берілген куәлік;
  • нотариалды расталған бағдарлама бойынша шет тілін тапсырғандығы туралы сертификат (болған жағдайда);
  • кадрлар есебі бойынша жеке іс-парағы және нотариалды расталған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • мекен-жай бюросынан анықтама;
  • 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының куәландырылған тізімі (болған жағдайда).
  • қағаз салатын папка, конверт;
  • құжаттар тізімі;
  • шет тіл бойынша тесттің төлем ақысы туралы тұбіртек.

 

PhD докторантураға түсуге ұміткер тұлғалар университетің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды өткізеді::

  • АТУ ректорының атына өтініш;
  • ҚР ЖОО түлектері үшін: білім туралы құжаттардың және оның қосымшаларының нотарилды расталған қөшірмелері;
  • шет ел ЖОО түлектері үшін: ЖОО бітіргені туралы дипломның және қосымшасының нотариалды расталған аудармасы, дипломды нострификациялау және жарамдылығы туралы берілген куәлік;
  • нотариалды расталған бағдарлама бойынша шет тілін тапсырғандығы туралы сертификат (болған жағдайда);
  • кадрлар есебі бойынша жеке іс-парағы және нотариалды расталған еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • жоспарланып отырған отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісілген жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі;
  • ұйым мөрімен расталған екі ұсыныс хат;
  • мекен-жай бюросынан анықтама;
  • 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының куәландырылған тізімі;
  • қағаз салатын папка, конверт;
  • құжаттар тізімі;
  • шет тіл бойынша тесттің төлем ақысы туралы тұбіртек.

 

Құжаттардың көшірмелерімен бірге қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады. Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар иесіне қайтарылады..

Мақсатты дайындық төңірегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратура/докторантурада оқуға үміткерлер қабылдау комиссиясына қосымша мақcатты орын бөлінген мекемеден жолдама хат тапсырады.



Яндекс.Метрика