Алматы технологиялық университетінің 60 жылдық мерейтойы мен

«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы күніне арналған іс - шара


 

9 наурыз күні Алматытехнологиялық университетінің №5 студенттік жатақханасында “Мемелекеттік және шетел тілдері” кафедра күніне арналған оқу – әдістемелік салтанатты іс - шара ұйымдастырылды.

 

Салтанатты кешті МжШТ кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Аухадиева Зәуреш Жұмабайқызы ашып, студенттерді университет және кафедра тарихымен қысқаша таныстырды. Сонымен қатар, еліміздің мемлекеттік тілдің мәртебелік орны мен шетел тілдерінің маңызы жайлы сөз қозғалды.

 

Кеш барысында 1-3 курс студенттері кафедра күнінеарнап, үш тілде өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Студенттер өз өнерлерін әр қырынан көрсете отырып, белсенділік танытты.

 

Кафедра күніне арналған іс - шара МжШТ кафедра оқытушылары мен тәлімгерлердің ұйымдастыруымен өтті. (Абуова Б. П., Қайтбаева М. М., Жүнісова Ж. Қ., Жүнісова И. Ж., Абдыкадырова А. З., Абдыгалиева Н. Н., Еламанова Ф. Т. және т.б.)

 

МжШТ кафедрасы АТУ-дың барлық студенттеріне және концерттік іс – шараға белсенді қатысқан ЖӨжД, ЭжБ, ИжАТ, ТӨ факультеттерінің студенттеріне алғысын білдірді.

 

 
 
 
 
Яндекс.Метрика