МАГИСТРАТУРА

Магистратура Алматы технологиялық университетінде тереңдетілген даярлықпен «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып, мамандар мен ғылыми – педагогикалық кадрларды даярлаудың формасы ретінде 2003 жылы ашылған.

АТУ-нің магистратурасының білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша жүзеге асырылады және магистратура түлектерінің болашақта ғылыми, педагогикалық, басқармалық және сараптамалық қызметпен табысты айналыса алатын тереңдетілген арнайы кәсіби даярлықты қамтамасыз етеді. 

АТУ-нің магистратурасында білім алу магистранттардың зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысуымен, олардың ғылым мен практиканың маңызды салаларының жетекші мамандарының басшылығымен жүзеге асырылатын университеттің ғылыми жобаларына қатысуымен ерекшеленеді.

Университет магистратураның оқу бағдарламаларын шет елдердегі жетекші ғылым және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады. АТУ-нің магистранттары үшін жыл сайын шет елдерден шақырылған профессорлар дәріс береді, университеттің жанжақты халықаралық байланыстары арқасында АТУ магистранттарының шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында оқуларына және тәжірибеден өтулеріне толық мүмкіндіктері бар.

АТУ 19 мамандық бойынша магистрлерді даярлап шыгарады.

 

 

PhD ДОКТОРАНТУРА

Алматы технологиялық университетінің докторантурасы Болон ұдерісі қағидаларына және халықаралық талаптарға сай ғылыми, ғылыми-педагогикалық, өндірістік және инновациялық сала қызметтері үшін жоғары ғылыми мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.

 АТУ-нің докторантурасының білім беру бағдарламалары – бұл ғылыми-педагогикалық, кәсіби, әдістемелік және белсенді ғылыми зерттеулерге бағытталған кәсіби жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары.

Докторантураның білім беру бағдарламалары шет елдердегі жетекші ғылым және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады.

АТУ-нің PhD докторантурасында ғылыми кадрлар даярлау жүйесі төменде ерекшеліктермен сипатталады:

  • республиканың дамуы үшін маңызды мәні бар ғылым, өндіріс және әлеуметтік-экономикалық салалар үшін мамандар даярлауға назар аударылады;
  • PhD докторанттың диссертациялық зерттеу жұмысы ғылыми қызметкердің кәсіби іскерлігінің қалыптасқандығының куәсі болып табылады;
  • білім беру үдерісінің сапалы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін қажетті ақпараттық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтылғандығына ерекше назар аударылады;
  • докторанттардың екі жетекшісінің болуы (жергілікті және шет елдік) шет ел баспа беттеріне ғылыми мақалалар жариялауына, халықаралық конференцияларға тезистер ұсынып, баяндама жасауға мүмкіндік береді.  

АТУ-нің докторантурасында білім алушылардың академиялық мобильділігі және ғылыми белсенділігімен қатар тоғысқан тереңдетілген өздігінен білім алу қағидасы негізінде білім алу мақсаты – докторлық диссертация дайындау және (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесі, яғни біліктілігі жоғары ғылыми атағын алу болып табылады.

Докторантурада білім алу күндізгі түрде мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде жүзеге асырылады. Оқу мерзімі – 3 жыл.

Қазіргі уақытта АТУ 11 мамандық бойынша PhD докторларын даярлайды.

 

 



Яндекс.Метрика