Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті институты

 

Алматы технологиялық университеті (АТУ, Қазақстан) Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті институтымен (HTMi, Швейцария) бірлесіп, төмендегі бакалавриат мамандықтары бойынша Қосдипломдық білім беру бағдарламасына талапкерлерді Қазақстан-Швейцариялық туризм, мейрамхана және қонақүй бизнесі институтына шақырады:

6В090200 – «Туризм»

6В091200 – «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі»

АТУ Қазақстанның қаржы, өнеркәсіп, мәдениет, туристік және спорт орталығы - Алматы қаласының дәл орталығында орналасқан.

АТУ – Қазақстанның тағам өндірісі, жеңіл өнеркәсіп салалары мен қонақжайлық индустриясы үшін жоғары білікті мамандар даярлайтын және республикамыздан тыс алыс шетелдерде танымал жоғары оқу орны.

 

Бағдарламаның мақсаты:

Оқу түрі: күндізгі

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу мазмұны: теориялық білім және оқу тәжірибесі

 

Оқу тілі

1-ші жыл – оқыту АТУ-дың оқу бағдарламасы бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі және шет тілін қарқынды үйрету;

2, 3 және 4 жылдары – кәсіби пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі.

 

Бағдарламаның артықшылықтары:

Қазақстанда оқып, қолжетімді бағамен лайықты еуропалық білім үлгісінде диплом алу;

АТУ-да швейцариялық академиялық стандарттардың жүзеге асырылуы және біріктірілген оқу бағдарламалары;

Шет тілдерін жетік меңгеру: ағылшын тілі және 2-ші шет тілі;

Шет елдік жетекші кәсіби білікті мамандарынан білім алу;

Қазақстанның және Швейцарияның қонақүйлері мен мейрамханаларында жоғары бағдарлы тәжірибеден өту;

Түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

Бағдарламаны сәтті аяқтаған бітірушілерге:

Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті инстиутының дипломы, Швейцария

Бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы мемлекеттік үлгідегі Алматы технологиялық университетінің дипломы табыс етіледі.

 

Оқу бітіруші - бакалавр төмендегі мамандықтар бойынша магистратурада оқуын жалғастыра алады: 

«Туризм»;

«Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі»

 

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БАҒЫТЫ

 

Бітіруші түлектер алдында шексіз мүмкіндіктер ашылады:

  • Туристік агенттіктер мен туристік компаниялар, әуе компаниялары;
  • Қонақүй ісі;
  • Мейрамхана ісі;
  • Курорт және SРА-индустриясы;
  • Көрмелер мен конференциялар ұйымдастыру;
  • Гид ісі;

Алған білім, дағды мен құзыреттілік деңгейі жеке іс ашуға мүмкіндік береді.

 

 

Яндекс.Метрика