ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФАКУЛЬТЕТІ


 

 

 

Факультет деканы

техника ғылымдарының докторы, профессор

Медведков Евгений Борисович

e-mail: e.medvedkov@atu.kz

тел. 8 (727)396-71-33 ішкі 121

 

 

 

Факультет миссиясы. Қашықтықтан оқытуды дамытып сапалы да саналы, азаматтық ар-ожданға тәуелді қоғам мүшелерінен соңғы техникалық жабдықтарды тиімді пайдалана отырып, еңбек нарығында бәсекеге сәйкес қабілетті тамақ және жеңіл кәсіпорындарын, ақпараттық технология, менеджмент, сервис және туризм саласын жетілдіру үшін мамандар дайындау.

Білім беру қызметі

Факультет ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып мамандар дайындауға заманауи технологиялармен толық қамтамасыз етілген. 21 мамандық бойынша, атап айтқанда: технологиялық, инженерлік, экономикалық, тамақ, жеңіл, қайта өңдеу және химиялық өнеркәсібі саласы бойынша білім алушылардың саны бірнеше мыңға жетерлік. Оқудың бұл формасы университетіміздің Республика көлеміндегі басқа университеттерімен, шетелдік оқу орындарымен үздіксіз тәжірибе алмасып отыруын қамтамасыз етеді. Студенттерді осы заманға сәйкес оқытудың түрлері мен әдістері игерілуде.

 

2005-2006 оқу жылынан бастап сырттай оқитын студенттерді білім берудің кредиттік технологиясымен дайындау жүргiзiледі. Бұл жүйе жеке тұлғаның білім алудағы өзгеріп тұратын јлеуметтік-экономикалық жағдайларына тез дағдылануына мүмкіндік туғызады.
         Қазіргі уақытта білім берудің қысқартылған бағдарламалары кеңінен қолданылуда. Жоғары білім базасы бойынша екінші мамандық алу білім берудің қысқартылған бағдарламасымен екі жылдық, ал, арнаулы орта білім алып осы мамандық бойынша жоғары білім алуды жалғастыру үш жылдық болып жүргізілуде.

 

Қашықтықтан оқыту оқытушы  мен студенттің байланысын – өткізілуге міндетті сабақтардың ең аз көлемде бекітілген нормативтік жобасын және ақпараттық технологияның, техникалық жабдықтардың, оқудың жаңа әдістерін соңғы талапқа сай пайдалана отырып жүргізеді. Сондықтанда оқытушылармен байланыста болу жағынан қашықтықтан оқу технологиясы сырттай оқу технологиясына ұқсас келеді, ал, оқу үрдісінің қарқындылығын жетілдіруде күндізгі оқу технологиясымен ұқсас келеді.

 

Студенттерді қашықтықтан оқытудың бірінші сатысында кейс технологиясы қолданылады: оқудың бұл түрінде студенттер өздерінің қалаған мамандықтары жөнінде, оқу – әдістемелік материалдарды пайдалана отырып толық мағұлмат ала алады. Ал, интернет жүйесінде – студенттердің барлық материалдарды интернет арқылы алуы  қамтамасыз етіледі. Университет құрамында барлық оқу-әдістемелік материалдары бар, видеодјрістерді қолдануға болатын, зертханалық жұмыстарды виртуалды жасайтын және студенттер мен оқытушылардың үздіксіз өзара on-line тәртібінде байланыста бола алатын бірқатар артықшылықтары көп жаңа оқуды басқару жүйесі енгізілді.

 

Қашықтан білім алу – студенттердің өздері таңдаған мамандықтарын осы салада жұмыс істей жүріп шыңдауына және өз саласында одан әрі өсуіне мүмкіндік жасайды. Факультет бітірушілері көптеген кәсіпорындарда, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, шағын және орта бизнес саласында, қызмет көрсету салаларында абыроймен еңбек етуде.

 

Қашықтықтан оқытуды ары қарай дамыту оқу үрдістерін оқу-әдістемелік материалдармен қамтуды жетілдіру, on-line тәртібіндегі сабақтар, видеодәріс, виртуалды зертхана және т.б. жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды кеңейтуге, осы мақсаттар бойынша оқытушылардың білімін жетілдіруге бағытталады. Оқу бағдарламасы бойынша орташа кәсіптік оқу ғимараттарында колледж бітірушілерін ЖОО түсуге дайындауды кеңейту жоспарлануда.

 

Факультет мақсаты. Қашықтықтан оқыту технологиясының принциптерін білім берудің ең тиімді жолдарын заманауи әдістермен компьютерлік құралдар және  ауди-видео техникаларын, интернет жүйесі және т.б. телекоммуникациялық, мультимедиялық жабдықтардың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып оқытуды дамыту және жүзеге асыру, оқу-әдістемелік және тәжірибе жүзіндегі қашықтықтан оқыту технологиясын тиімді түрде одан әрі дамыту, өркендету, еңбек нарығына бәсекелестік қабілеті жоғары мамандар дайындау.

 

Қашықтан оқыту бағдарламалары мен курстары

Қашықтықтан оқу бакалаврдың қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі:

  • екі жылдық оқу мерзімімен жоғары білім базасында;
  • үш жылдық оқу мерзімімен техникалық және орташа кәсіптік білім базасында.

Білім бағдарламалары бойынша төмендегідей бағытпен дайындық жүргізіледі:

5В070100 «Биотехнология» (биология)

5В070200 «Автоматтандыру және басқару» (физика)

5В070300 «Ақпараттық жүйелер» (физика)
5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» (физика)
 
5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (химия)

5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» (физика)

5В072600 «Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» (физика)

  • тігін бұйымдарының технологиясы мен құрастыру;
  • тері және былғары бұйымдарының технологиясы және құрастыру;
  • жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын моделдеу және көркем безендіру

5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы » (химия)

  • ет және балық өнімдерінің технологиясы;
  • сүт және сүт өнімдерінің технологиясы;
  • майлар, консервілер және тағам концентраттары технологиясы;
  • тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;
  • қоғамдық тамақтандыру және арнайы тағайындалған өнімдер технологиясы

5В072800 «Өңдеу өндірісінің технологиясы» (химия)

  • астықты өңдеу, сақтау және қайта өңдеу технологиясы;
  • нан,макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы;
  • құрамында қанты бар шикізаттарды сақтау және өңдеу технологиясы
  • ашыту және шарап технологиясы

5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» (физика)

5В073300 «Текстил бұйымдарының технологиясы мен жобалауы» (физика)

5В050600 «Экономика» (география)

5В050700 «Менеджмент» (география)

5В050800 «Есеп және аудит» (география) 

5В050900 «Қаржы» (география)
5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (география)

5В060800 «Экология» (биология)

5В090200 «Туризм» (география)

5B090400 «Әлеуметтік мәдени сервисі» (география)

5В091200 «Ресторандық іс және қонақ үй бизнесі» (география)

5В012000 «Кәсіптік білім беру» (география)

 

Құқықтық-нормативтік құжаттар

  1. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ережелер. ГОСО ҚР 5.03.004 – 2009.
  2. ҚР 2011 жылғы 24 қазанындағы №487-IV «Білім туралы» заңы.
  3. Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері. АТУ-ҚБЕ-4.2.3-2012-
  4. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы(ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы).
  5. 2011-2020 жылдарға қашықтықтан оқыту факультетінің стратегиялық жоспары. 2010 жылдың 29 сәуірінде № 6 хаттамасымен АТУ-нің ғылыми кеңесінде бекітілген.

 
Байланыс мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 050008 Алматы қ., Фуркат көш. 384/4,
Алматы технологиялық университеті, 3Б корпусы, каб. 222,224,226.

Телефондар: 
ҚОФ деканы: (8-727) 396-71-33 (ішкі тел 121)
деканат: (8-727) 396-71-33 (ішкі тел 126)
ҚОФ декан орынбасары: (8-727) 396-71-33 (ішкі тел 127)

E-mail: atu.kz@mail.ru
Сайран автобекеті аймағы, авт. 16, 37, 59, 85,106,126. 4 трамвай
Аялдама: «Сайран» автобекеті.

Яндекс.Метрика