«Экономика және бизнес» факультеті

 

 

 

 

 

Факультет деканы

экономика ғылымдарының кандидаты

Жангуттина Гүлнар Олжабайқызы

E-mail: g.zhanguttina@atu.kz

 

 

 

 

 

«Экономика және бизнес» факультеті 1995 жылы құрылды және оның алғашқы деканы болып э.ғ.к. профессор Төлегенов Болат Төлегенович тағайындалды.

Кейінгі жылдары факультетті э.ғ.к., профессор Қожамқұлов Тазабек Қожамқұлович, э.ғ.к., доцент Желдібаев Асан Егенбердиевич, э.ғ.д.,  профессор  Жолдасбаева Гүлнар Каримовна, э.ғ.к., доцент Есайдар Урзада Серімқызы басқарды.

Қазіргі кезде факультетті э.ғ.к., доцент Жангуттина Гүлнар Олжабаевна басқарады, деканның тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасары – Иманбекова Бағдагүл Төлендиевна.

 

Экономика және бизнес факультетіның деканы

э.ғ.к., доцент Жангуттина Гүлнар Олжабаевна

 

Әйгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі, бұрынғы Қазақ КСР жоғарғы және арнайы орта білім министрі, ҚазКСР Министрлері Кеңесінің Мемлекеттік комиссиясының төрағасы, әл-Фараби атындағы Казақ Мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2002-2006 жылдары АТУ-дың  халықаралық байланыс және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы университеттің және факультеттің дамуына үлкен үлесін қосқан.

 

 «Экономика және бизнес» факультетінің құрылымы

Оқу үрдісінде алған теориялық білімін және машығын жетілдіру мақсатымен факультеттің студенттері республиканың алдыңғы қатарлы кәсіпорындары мен ұйымдарында және банк мекемелерінде кәсіби тәжрибеден өтеді. Олар: «Бахус» АҚ, «Рахат» АҚ, «Алтын – диірмен корпорациясы»  АҚ , «Казкомерцбанк»  АҚ, «Халық Банкі» АҚ,  салық комитеттері, Алматы қаласының және Алматы облысының халыққа қызмет атқару орталықтары. «Туризм», «МІжМБ», «ӘМҚК» мамандықтарының студенттері Қазақстан Туристік Ассоциациясы мен Қазақстан мейманхана және мейрамхана ассоциациясында және Алматы қ. турфирмаларында: ЖШС «Assyl Travel», ЖШС «Solis Ltd”, ЖШС «Amari tour» және т.б. өту мүмкіндіктері бар.

АТУ бітірушілері, дипломы бар басқару кадрлары, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп саласындағы бағдары арқылы табысты жұмысқа орналасу және кейін болашақта карьера жолында өсу мүмкіндіктері бар:

  • Мемлекеттік билік органдары
  • Консалтингтік және аудиторлық фирмалар
  • Банктер
  • Сақтандыру компаниялары
  • Сауда ұйымдары
  • Азық-түлік және қайта өңдеу кәсіпорындары
  • Туристік агенттіктер
  • Мейманхана, мейрамхана

Экономика факультетінің студенттері саяхаттауға және қазақстандық және халықаралық жастар программасында өз өздерін дамытуға мүмкіндіктері бар:

  • Швейцария (Халықаралық мейманхана және туризм менеджменті институты (НТМi))
  • Германия (Вильдау қ., Қолданбалы ғылыми техникалық университеті)
  • Польша (Познань қ. Мейманхана бизнес және қоғамдық тамақтану академиясы)
  • Кипр (Восточно-Среднеземноморский университет)
  • Болгария (Пловдив қ. Азықтық технология университеті)
  • Россия (Туризмнің және кәсіпкерліктің Балтика академиясы)
  • Кыргызстан (Бишкек қ., М. Рыскулбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті) және т.б.

Факультет бакалавриат бойынша төмендегі мамандықтарды дайындайды:

  • 5В050600 Экономика
  • 5В050700 Менеджмент
  • 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • 5В050800 Есеп және аудит
  • 5В050900 Қаржы
  • 5В090200 Туризм
  • 5В090400 Әлеуметтік-мәдени сервис
  • 5В091200 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Факультет магистратура бойынша төмендегі мамандықтарды дайындайды:

  • 6М050600 Экономика
  • 6М050700 Менеджмент
  • 6М050900 Қаржы
  • 6М090200 Туризм
  • 6М090400 Әлеуметтік-мәдени сервис
  • 6М091200 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Факультет PhD-докторантура бойынша төмендегі мамандықтарды дайындайды:

  • 6D050600 Экономика
  • 6D050700 Менеджмент
  • 6D091200 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі


Яндекс.Метрика