Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті


 

 

 

 

Факультет деканы

техника ғылымдарының докторы

Еренова Бибипатыма Ертаевна

E-mail: b.erenova@atu.kz

тел: 8 (727) 396-71-33 ішкі 123

 

 

 

 

 

«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті 2006 жылдың 4 шілдесінде құрылған.

Факультет қызметінің стратегиялық бағыты – заманауи экономиканың, ғылыми-техникалық прогресстің және педогогиканың талаптарына жауап беретін жоғары интелектуалды білікті мамандарды дайындауды ұйымдастыру.

Факультет қызметінің мақсаты-бағдарламалау және ақпараттық жүйелер, мемлекетіміздің ауыл-шаруашылық кешеніндегі тағам және қайта өңдеу салаларының технологиялық үдерістерін механикаландыру және автоматтандыру, қызымет көрсету аясы және кәсіби педагогикалық қызметтер бойынша жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған.

Факультеттің алғашқы деканы техника ғылымдарының кандидаты, профессор Күзембаев К.К., болды. Соңғы жылдары факультетті ғылым докторлары, профессор Мурзабеков З.Н. (2008-2009), профессор Медведков Е.Б., (2009-2010), профессор Абдрахимов О.Т. (2010-2012), профессор Байболова Л.К. (2012-2015) басқарды.

2015 жылдың 20 мамырынан бастап факультетті техника ғылымдарының кандидаты Адмаева Анна Михайловна басқаруда.

Факультет құрамына үш мамандандырылған және екі жалпы білім беретін кафедралар кіреді:

Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру;

Ақпараттық технологиялар ;

Кәсіптік оқыту мен қоғамдық ғылымдар;

Инженерлік графика және қолданбалы механика;

Жоғары математика және физика;

Факультет түлектерінің кәсіптік қызметіне тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын математикалық, ақпараттық, бағдарламалық, техникалық қамтамасыз ету мен қатар машина жасау, көлікті, телекоммуникацияларды өңдеу жатады. Факультет түлектері өздерін басқару және инженерлік лауазымдарда табысты қызмет атқара алады. Талантты және дарынды түлектер магистратураға мен докторантураға оқу мүмкіндік алады, ал оқуды табысты аяқтағаннан кейін, олар ғылыми және педагогикалық қызметке тартылады.

 

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы жаңа тиімді білім беру технологиясы бойынша қарқынды ізденуде.

2004 оқу жылынан бастап факультетте бакалавриат және магистратура бойынша кредиттік технология сәтті еңгізілді. Факультет университет бойынша күшті кадрлық потенциалға ие және оқу-ғылыми зертханалық базамен жабдықталған. Профессор-оқытушылар құрамы Ресей мен Қазақстанның танымал жоғарғы оқу орындарынан білім алған жоғарыбілікті оқытушылардан құралған. Факультет оқытушылары кафедраларда оқытылатын пәндер бойынша типтік бағдарламалар және мамандықтардың мемлекеттік стандартын дайындауға қатысады.

Профессор-оқытушылар құрамы негізін факультет кафедраларының жетекші ғалымдары құрайды: ғылым докторы, профессора Кулажанов Т.К., Нурахметов Б.К., Рскелдиев Б.А., Абдрахимов У.Т., Медведков Е.Б., Байболова Л.К., Масанов Ж.К., Мусабеков О.У., Заурбеков Н.С., Абдылдаев Э.К., Нуржумаев О.Н., Джингилбаев С.С., Тойбаев С.Н., Синчев Б.К., Сагадиев Н.Д., кандидаты наук, доценты Карымсаков К.У., Крученецкий В.З., Мырзагельдиева Ж.М., Цой А.П., Ким Е.И., Коробов А.К., Закирьянов А.К. және т.б..

Факультет ғалымдары бастапқы және іздену-қолданбалы зерттеу жұмыстарының халықаралық және мемлекеттік бағдарламалары бойынша ҒЗЖ жүргізеді. ҒЗЖ нәтижелері келесідей кәсіпорын салаларында еңгізілген: «Аксай-нан» АҚ, «Дионис» ЖШС, «Каргалинские вина» шарап зауыты, «СезамЭко» АҚ және т.б.

Факультет ұжымы келесідей шетелдердегі ван Холл Ларенштайн университетімен (Нидерланды), Вальдау қаласының қолданбалы ғылым техникалық университетімен (Германия), Пловдив қаласындағы Хранительных технологий университетімен (Болгария), Санкт-Петербург суыту академиясымен (Ресей), Мәскеу Тамақ өнеркәсібі мемлекеттік университетімен (Ресей), Воронеж мемлекеттік инженерлік технология университетімен (Ресей), Харьков тамақтану және сауда мемлекеттік университетінің «Оборудования пищевой и отдельной индустрии им. М.И. Беляева» кафедрасымен бірігіп ғылыми жұмыстар жүргізу, өндірістік тәжірибе жүргізу мақсатында байланыста.
Санкт-Петербург Ұлттық ИТМО ғылыми-зерттеу университетімен іскерлігі жөнінде келісім-шарт жасалған.

Факультетте дәстүрлі білім беру формасымен қоса жаңа интерактивті әдістер еңгізілуде: презентациялар, диспуттар, тренингтер және т.б.. Студенттер кәсіптік тәжірибелерін Алматы қаласының келесідей ірі өнеркәсіптерінде өтеді: «Алтын диирмен» АҚ, «Бахус» АҚ, «Аксай-нан» АҚ, «Рахат» АҚ, «Дионис» ЖШС, «Каргалинские вина» шарап зауытында, май және ашытқы зауыттарында, сыра зауыттарында, ликерарақ және спирт зауыттарында, «Алматы-ет» АҚ ет және сүт кәсіпорынында, «Беккер» АҚ, «Первомайские деликатесы» АҚ, «Фудмастер» ЖШС, «Жигер» ЖШС, «Смак» ЖШС, «Philip Morris» темекі комбинатында және т.б.. Жоғарғы курс студенттері технологиялық үдерістерді механикаландыру және автоматтандырудың жаңа ақпараттық технологиялар аумағындағы ғылыми жұмыстарға қатыстырылады



Яндекс.Метрика