«Тағам өндірістері» факультеті

 

 

 

 

 

Байболова Ляззат Кемербековна

Техника ғылымдарының докторы, профессор 

 

 

 

 

 

Деканның жолдамасы

Құрметті талапкер!


Сенің алдында болашақтағы мамандықты таңдау күрделі мәселесі тұр. Әрине, таңдаған мамандыққа көңілің толу қажет, сонымен қатар таңдаған мамандығың біздің ауданда және де республикамызда пайдалы және сұранысқа ие болуы қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанның дамушы экономикасы тәжірибелі мамандықтардың мамандарын, табиғат заңдары, техника және технология туралы терең білімдері бар адамдарды қажет етеді. Тек осындай ғана мамандықтарды 1967 жылы құрылған және ЖОО алдыңғы қатарлы факультеттері болып табылатыг біздік факультетте ғана алуға болады.

Қазақстан – аграрлы-индустриалдық ел, яғни ауылшаруашылығының дамуымен қатар біз мамандарды дайындайтын тамақ және өңдеу кәсіпорындары да қарқынды дамиды. Экономиканың аса маңзды құрам бөлігі химия саласы болып табылады. Оған органикалық және мұнай-химиялық өндірісі, полимерлер өндірісі кәсіпорындары жатады. Осы кәсіпорындар үшін жоғары білікті мамандарды біздік факультет дайындайды. Білім беру бағдарламаларының ерекшелігі студенттердің кәсіби біліктіліктерді меңгеруде еңбек нарығының сұраныстары ескерілгені болып табылады. Факультет түлектері тамақ және өңдеу кәсіпорындарында кәсіби әректке дайын және астық өңдеу, нан, макарон, кондитерлік, сүт, ет, балық өнеркәсібі бойынша кәсіпорындарға бағытталған, олар спирт, ликер-арақ, шарап жасау, сыра зауыттарында, алкогольсіз сусындарды өндіру және көтерме сату кәсіпорындарында, жобалық-құрылымдық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу және сынау орталықтары мен зертханаларында, шикізаттар мен дайын өнімдерді сертификаттау және идентификациялау қызметтерінде, сауда және салық инспекцияларында және басқа тамақ өнімдері өндірісі мен тауарайналымын бақылау органдарында, сонымен қатар мұнай-химия кәсіпорындарында жұмыс істейді.

Бакалаврлар оқуын магистратурада және докторантурада жалғастыра алады.

Мемлекетке жақсы инженерлің дайындығы бар, шет тілін білетін, заманауи көзқарастары бар, жас, қайратты, кәсіпқой-технологтар қажет.
Талапкер! Сенде шынайы пайдалы және қызықты мамандықты иеленуіңе зор мүмкіндігің бар!

Тамақ өндірісі факультетіне қалай түсуге болады?

Бірінші курсқа түсетін талапкерлерге химия, физика немесе биология пәндерін таңдай отырып, Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өту керек. Толығырақ www.atu.kz сайтынан біле аласыз.

Сәттілік тілеймін!

Декан Байболова Ляззат Кемербековна

 

Тағам өндірістері факультетінде үш деңлейлі дайындық жүргізіледі: бакалаврлар, магистрлар, РҺD докторлар, сонымен қатар фундаменталдық және қолданбалы ғылыми зерттеулер орындалады.

Мамандарды дайындау сапасын жетілдіру, ғылым мен техниканың интеграциясы тағам өндірістері факультеті үшін басым бағыт болып табылады.
ASSIN Аккредиттеу жөнінде халықаралық агенттілікпен (Германия) 5В072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және 5В072800-Өңдеу өндірісінің технологиясы» білім беру бағдарламаларына «Инжиниринг саласындағы еуробакалавр» белгісі тағайындалған.

Факультеттің білім беру бағдарламалары Білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөнінде тәуелсіз қазақстандық агенттілікпен (НКАОКО) аккредитациядан өтті, бұл жоғары білікті мамандарды дайындауда жоғары стандарттарды қамтамасыз етуін растайды (2014 жыл)

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының бас рейтингісінде факультет алдыңғы орындарды алып отыр.
Тәуелсіз рейтинг және аккредитациялау агенттілігінің (НААР) мәліметтері бойынша да факультет мамандықтары мамандарды дайындау бағыты мен деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары рейтингісіндее алдыңңғы орындарды алып отыр:

Бакалавриат:
5В072700- «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» -1 орын
5В072800- « Өңдеу өндірісінің технологиясы» -1 орын
5В070100- «Биотехнология» - 1орын
5В073200- «Стандарттау,метрология және сертификаттау» -2орын
5В060800- «Экология» -3 орын

Магистратура:
6М072700-« Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»- 1орын
6М072800-«Өңдеу өндірісінің технологиясы»- 2орын
6М072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»- 3орын
6М070100-«Биотехнология»-2 орын
Рангтарға бөлу 4 индикатор бойынша жүзеге асты, олардың әр қайсысының меншікті салмағы 25% құрады: «Студенттер, оқытушылар және зерттеушілердің сапалық құрамы», «Академиялық ұтқырлық», «Түлектердің қажеттілігі» және «мамандық оқытушыларының, магистранттар мен докторанттардың ғылыми басылымдарының бәсекеқабілеттілігі».
Факультетте үдемелі өсетін студенттер контингенті жағдайында және оқыту үдерісінің өзгермелі әдістері мен технологиялары жағдайында оқу үдерісін қамтамасыз ететін заманға сай материалдық-техникалық базасы бар.

Факультет құрамына:
- «Астық өнімдері және өңдеу өндірістері технологиясы» кафедрасы;
- «Тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасы;
- «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы;
- «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы;
- «Тағам биотехнологиясы» кафедрасы;
- Ғылыми-оқу нан орталығы;
- Ғылыми-оқу ет қайта өндіру орталығы;
- Оқу мейрамханасы кіреді.

Факультеттің проффесорлық-оқытушы құрамы – өз жұмысының жетік мамандары, еліміздің тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы, химиялық технологиялар, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттің жетекші ғалымдары.

Факультет ғалымдары бакалавриат, магистратура және доктарантураның 5B072700 – «Азық түлік өнімдерінің технологиясы», 5B072800– «Қайта өңдеу өндірістері технологиясы»мамандықтарының Мемлекеттік жоғары оқу орны стандарттарын әзірлеушілер болып табылады.

Изтаев А.И., Хожамұратова С.Ш., Алимарданова М.К., Қизатова М.Ж., Таусарова Б.Р., Құрманалиев М.К., Мырзалиева С.К., Лесова Ж.Т., Алмабеков О.А., Омарқұлов Т.О., Исқақов Г.Қ., Уажанова Р.О., Жиенбаева С.Т., Диханбаева Ф.Т., Сүлейманова М.Ш., Қозыбаев А.К. профессорлары Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегерлері.

Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу әрекетіндегі жетістіктері үшін тағам өндірісі факультеті 2007 жылдан бастап «АТУ үздік факультеті» номинациясында конкурс жүлдегері болып табылады (2007-2008, 2008-2009, 2009-2010, 2011-2012, 2012-2013 ,2013-2014 оқу жылдары).

 

 

Факультет мақтаныштары

Мұнда біздің факултетті бітіріп өз мамандығымен жұмыс жасап жатқан мамандар жайында мәліметтер айтылады. Бұл адамдар біздің мақтанышымыз, яғни біздің әріптестеріміз немесе серіктестеріміз, және де достарымыз.

«Тағам өндіріс факультеті түлектерінің кәсіби ортасы» атты жоба іске қосылды. Осы жобаға ат салысып өзі жайында, кәсіби және жеке мүдделері жайында барлық мәліметтерді берген адамдарға алғысымызды айтамыз.

Құлажанов Талғат Құралбекұлы- техника ғылымдарының докторы, профессор, Алматы технологиялық университтінің ректоры;

Самакова Айткүл Байгазиевна - Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, ҚР президент жанында гендерлік саясаты мен отбасы мәселесі жөнінде ұлттық комиссия төрайымы;

Омаров Толымбек Есенжолович - Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі аппаратының жетекшісі;

Усембаева Жибек Калиевна- Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің бас инспекторы;

Остриков Александр Иванович- «Цесна Астық» АҚ президенті;

Мнацаканян Рудик Гайкович- «Арарат» біріккен кәсіпорынның бас директоры;

Мансветашвили В.- Испанияда сыра өндіру компаниясының президенті;

Агибаев Медельбек Кемелбекович - «Цесна –Мак» ЖШС директоры;

Ахмаров Абубакар- «КазАлкоЦентр» РГП бас директоры;

Каппаров Нурлан Джамбулович- «КазИнвестБанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Косенко Г.- халықаралық сапа жөнінде кәсіпқойлар гильдиясының мүшесі, MDET, ASQ , IRGA жетекші аудитор.

Карпюк Виктор Иванович-диірмен кешенінің бастығы.

Байболова Ляззат Кемербековна –техника ғылымдарының докторы, профессор, АТУ «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы.

Изембаева Асель Камалсеитовна- PhD доктор, «Тағам өндірісі» факультеті деканының орынбасары.

Зарицкая Надежда Евгеньевна-техника ғылымдарының кандидаты, «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының доценті.

Кененбай Шынар Ырымқызы-техника ғылымдарының кандидаты, «Тағам өнімдерінің технологиясы»кафедрасының доценті.

Күзембаева Гаухар Канашевна-техника ғылымдарының кандидаты, «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының доценті.

Матибаева Айнур Ибраевна-техника ғылымдарының кандидаты, «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының доценті. Байысбаева Меруерт

Пернебаевна-техника ғылымдарының кандидаты, «Астық өнімдері және өңдеу өндірістері технологиясы» кафедрасының доценті.

 

Білім беру бағдарламалары

Тағам өндірісі факультеті Алматы технологиялық университетінің төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандарды дайындау бойынша бөлім болып табылады:

Бакалавриат
•5В072700-«Азық –түлік өнімдерінің технологиясы».
-ет және балық өнімдерінің технологиясы
-сүт және сүт өнімдерінің технологиясы
- қоғамдық тамақтандыру және арнайы тағайындалған өнімдердің технологиясы
-тағамдық концентраттар мен консервілердің технологиясы
•5В072800-«өңдеу өндірісінің технологиясы»
-өсімдік текті шикізаттарды өңдеу, сақтау және қайта өңдеу технологиясы
-нан,макарон және кондитерлік өнімдердің технологиясы.
-ашу және шарап жасау технологиясы.
•5В073200-«Стандарттау, метрология және сертификаттау»
•5В070100-«Биотехнология»
•5В060800-«Экология»
•5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
-органикалық және мұнай химия өнімдерінің химиялық технологиясы.
- полимерлерді өндіру және қайта өңдеудің химиялық технологиясы.
Магистратура:
•6М072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»
•6М072800-«Өңдеу өндірісінің технологиясы»
•6М073200-«Стандарттау және сертификаттау»
•6М073500-«Тағам қауіпсіздігі»
•6М075000-«Метрология»
•6М070100-«Биотехнология»
•6М072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
Докторантура:
•6072700-«Азық –түлік өнімдерінің технологиясы»
•6072800-«Өңдеу өндірісінің технологиясы»
•6073500-«Тағам қауіпсіздігі»
•6070100-«Биотехнология»

 

Халықаралық серіктестік

2010 жылы Алматы технологиялық университетінің университеттер әйгілі Хартиясына қосылуымен және 1999 жылы 29 еуропа елдерінің министрлерімен қабылданған Болондық Декларацияға қол қоюынан басттап факультетте халықаралық серіктестік қарқынды дамуда.

Факультетте шетелдік жоғарғы оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен байланыс орнатылды, осының арқасында зерттеуші- оқытушылар мен білім алушылар академиялық ұтқырлық шегінде әлемнің әртүрлі елдерінде білім алуға, машықтануға және іс тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.

ПОҚ мен АТУ студенттерінің академиялық ұтқырлығы АТУ серіктестері-университетерімен ынтымақтастық бағдарламаларына, Erasmus+,Groupe ESA, IAESTE және т.б стипендиялық бағдарламаларына байланысты жүзеге асады.

Халықаралық академиялық ұтқырлық –шетел білім беру және ғылыми ұйымдарда студенттердің оқуы немесе оқытушылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуі.

Академиялық ұтқырлық шегінде шетел университеттер-серіктестер: Болгария, Чехия, Испания, Италия, Голландия, Корея Республикасы, Россия, Белоруссия, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина - Ғылыми әлемдік қауымдастықта көшбасшылық орындарды алу жолы бо йынша университеттің алға қозғалу куәлігі.

Ұлттық академиялық ұтқырлық шегіәнде университет-серіктестер:
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университеті,Орал қаласы.
-Қазақстан технология және бизнес университеті,Астана қаласы.
- Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетң, Шымкент қаласы
-Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы.
-Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет,Семей қаласы.

 

Кәсіптік тәжірбие

Студенттердің кәсіптік тәжірбиесі жоғарғы білікті мамандарды дайындаудың өте маңызды бөлігі болып табылады, мұнда олардың болашақта жұмыс орнымен қамтамасыз етуімен қатар жүргізіледі:

«Бахус» АҚ, «Винзавод Дионис» ЖШС, «Каргалинские вина», шарап зауыттары, Талғар спирт зауыты, «Алматылық №1 сыра зауыты» АҚ, «Рахат» АҚ, «Фудмастер», «Адал» АҚ, «Маслодел» АҚ, «Агропродукт» АҚ, «Южный» АҚ сүт зауыттары, «Дастархан» ЖШС мейрамханалар жүйесі, «АЛМАТЫ ЕТ» АҚ, «БЕККЕР» «Первомайский деликатесы», «Алтын-Диермен» АҚ корпорациясы, «Ақ Бидай», «Ақсай», «Алматы-нан» нан зауыттары, «Рахат», «Конфетки-бараночки» кондитерлік фабрикалары, Стандарттау және сертификациялау орталығы, «Дербес», «Эфес», «Пепси-Кола» сыра зауыттары, «Напитки», «Южный» консервілік жеміс зауыты, «Филипп Морис» компаниясы және басқалары. Кәсіпорын басшылығы түлектерді қорытынды аттестаттауға қатысады, дәріс оқиды, дипломдық жұмыстарына жетекші болып табылады.

 

Ғылыми жұмысы

Тағам өндірісі факультеті ғылыми-зерттеу жұмыстарының үлкен ауқымын жүргізеді. Зерттеулер жүргізуге студенттер, магистранттар, докторанттар және факультет ғалымдары зерттеу жұмыстарына белсеңді қатысады. Ғылыми зерттеу жұмыстарында қатысу мамандықтың негізгі пәндерін, ғылыми бағыттарын терең меңгеруге және оның басымдықтарын жақсырақ елестетуге мүмкіндік береді.

Факультеттің негізгі басымды ғылыми бағыттары:
- Ионозонды-кавитациялық технология негізінде астық дақылдарын өңдеу, сақтау және қайта өңдеудің прогрессивті инновациялық технологиялары
- Емдік-профилактикалық тағайындалған нан және макорог өнімдерінің сұрыптамасын құру;
- Функционалды тағайындалған ет және сүт өнімдерінің қор сақтайтын биотехнологиясы;
- Ауылшаруашылық шикізатты биоконверсиялау, АПК кәсіпорындары қалдықтарын тағамдық және азықтық өнімдерге қайта өңдеу және жою;
-Жаңа дәуірлі тамақ өнімдерінің қалдықсыз экологиялық таза «суық» технологиясын құру;
-Тамақ және жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының ағын суларын органикалық ластағыштардан және биогенді элементтерден тазалаудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді технологиялары;

Тамақ және жеңіл өнеркәсібінде технологиялық үдерістерді лазерлік активтендіру.

Факультет ғалымдарының ғылыми жетістіктері дүниежүзілік ғылыми қауымдастықпен танылған және халықаралық конкурстарда, форумдарда көрмелерде көрсетілген:
-«Ет индустриясы» халықаралық форумы (Москва 2008-2014 жж);
-«Алтын күз» Ресей агроөнеркәсіп көрмесі (2009-2014 жж);
-«Жастар ғылымда» халықаралық форумы;
-«Қараөткел жәрмеңкесі» Қазақстан агроөнеркәсіп кешені жетістіктерінің жәрмеңкесі (2010-2013 жж);
-«Kazakhstan Food Market-2014» XVI тамақ өнімдері көрмесі (2014 ж);

Факультеттің жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері келесі марапаттаулармен белгіленген:
- Қазақстан Республикасы Алғашқы Президентінің фонд сыйақысы;
-«Үздік технолог», «Үздік технологиялық карта», «Тауартану бойынша үздік презентация-2014» (Казань қаласы) номинацияларда Халықаралық конкурстар дипломдары;
- СППК «Тиімді ынтымақтастық потенциалы» XVI Халықаралық көрме медальдары (Алматы қ.);
-«Алтын Дастархан-2014» фестиваль медальдары;
-«Тамақ өнеркәсібінің ағынды суларын табиғи сорбенттерді қолдана отырып терең тазалау технологиясы» ғылыми жұмысы үшін Алматы қ. әкімі гранты.

Студенттер жоғарғы оқу орнында ең алғашқы оқу күндерінен бастап жастар кеңесі үйірмесі арқылы қызықты қоғамдық әлем өміріне есік ашады, өздерін танытуға мүмкіндік алады, олар:
КТК командасы;
«Қарлығаш» би ансамблі;
Вокал студиясы;
«Домбыра - Дастан» домбыра оркестрі;
«Жастар» дебаттық клубы.
Біз түрлі байқауларда алғашқы орынды иеленеміз.
Тағам өндіріс факультетінің бірінші курс студенттерінің корпоративтік кеші
Факультет аралық КТК(Көңіл Тапқыштар Клубы)



Яндекс.Метрика