ТАЛАПКЕР ҮШІН ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ

 

Студенттер қабылдау: бюджеттік оқуға – қолында мемлекеттік білім грантын жеңіп алған куәлігі бар, ал ақылы оқуға – Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) мен кешенді тест (КТ)  баллдарының нәтижесіне сәйкес мемлекеттік сертификаты бар азаматтар.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін керекті ҚҰЖАТТАР:

  • Аттестат және диплом қосымшасымен (түпнұсқасы);
  • Тестілеу үшін Халық Банкіне төленген ақы туралы түбіртек;
  • Дәрігерлік анықтама 086 У (флюорография); 063 (егу картасының көшірмесі);
  • Жеке куәліктің көшірмесі (түпнұсқасын көрсету қажет);
  • Өлшемі 3х4 екі фотосурет;
  • Белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

Мерзімі: 20 маусымнан 9 шілдеге дейін

Мемлекеттік білім  грантын жеңіп алу конкурсына қатысу үшін керекті ҚҰЖАТТАР (барлық құжаттардың түпнұсқасы):

  • Аттестат қосымшасымен;
  • Арнайы бланкідегі өтініш;
  • ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификат;
  • Жеңілдікке құқық беретін құжат;
  • Жеке куәліктің көшірмесі (түпнұсқасын көрсету қажет).

Мерзімі: 23 шілдеден 31 шілдеге  дейін

Студент қатарына қабылдауға  керекті  ҚҰЖАТТАР:

  • Аттестат қосымшасымен түпнұсқасы;
  • АТУ-дың арнайы бланкісіне қабылдауға өтініш жазу;
  • Білім гранты куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі;
  • Сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
  • Дәрігерлік анықтама 086 У (флюоро. суреті); 063 (егу картасының көшірмесі);
  • Өлшемі 3х4 сегіз фотосурет;
  • Жеке куәліктің көшірмесі (түпнұсқасын көрсету қажет);

Мерзімі: 20 маусымнан 25 тамызға  дейін

Ескертпе: Құжаттарыңыздың түпнұсқасын және көшірмесінің  қабылданғаны туралы қолхат алу. Қолхатты құжаттарыңызды АТУ мұрағатынан қайта алғанға дейін сақтау қажет (оқуды бітірген немесе басқа жағдайларда).

 



Яндекс.Метрика