Университет тарихы

 

 Алматы технологиялық  университетінің тарихы

1957 жыл, 10 мамыр  КСРО-ның өнеркәсіп және  азық-түлік тауарларының министрлігі мен КСРО-ның  жоғары білім министрлігінің № 155/548  бұйрығымен  жетекші және инженер - техникалық қызметкерлердің  жетілдіру институтының Алматы филиалы  КСРО - ның  жоғары білім министрлігінің қарамағына беріліп, Бүкілодақтық сырттай тамақ өнркәсіп институтының Алматы филиалы құрылды. Институттың директоры болып  Иванова Е.Ф. тағайындалды.

1957 – Бүкілодақтық сырттай тамақ өнеркәсіп   институтының Алматы филиалы

1966 жыл, 4 маусым РСФСР- дің Кеңес Министрлігінің №1501 жарлығымен Бүкілодақтық сырттай тамақ өнеркәсіп   институтының Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп институтының қарамығына берілді.

1966 – Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп институтының Алматы филиалы

1966 жыл, 11 тамыз  Қазақ ССР нің Кеңес министрлігінің  № 1365-р жарлығымен Бүкілодақтық сырттай тамақ өнеркәсіп   институтының Алматы филиалы  Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп институтының Алматы филиалына өзгертілді.

 

16 желтоқсан  1976 жыл  технологиялық университет ғимаратының   іргетасын алғашқы бетонмен  құю сәті

 

1996 жыл, 7 мамыр  Қазақстан Республикасының Өкіметінің  № 573 қаулысымен Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп институтының Алматы филиалы Алматы технологиялық  институтына өзгертілді (АТИ).

1996 – Алматы технологиялық институты 

1999 жыл, 18 тамыз Қазақстан Республикасының Өкіметінің  № 1192 қаулысымен Алматы технологиялық институты  коммерциялық емес ұйымға – жабық акционрлік қоғам «Алматы технологиялық университеті»  болып өзгертілді.

1999 – Алматы технологиялық  университеті

2003 жыл, 15 желтоқсан Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар» заңы негізінде  № 415-П   12 мамыр  2003 жылдың  жалпы акционерлер жиналысының ( № 14 хаттама) шешімі бойынша «Алматы технологиялық университеті» жабық акционерлік қоғамы - «Алматы технологиялық  университеті» акционерлік қоғамы (АҚ «АТУ») болып қайта тіркелді.

2003 – «Алматы технологиялық  университеті» акционерлік қоғамы

Бұл жылдар Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының  бірінің тарихын қалыптастырды. Жоғарғы оқу орынның  жемісті қызмет етуі, ең алдымен осында жұмыс істейтін адамдардың еңбегінің арқасында. Алматы технологиялық университетінің  қалыптасуының әр  кезеңінде осы оку орынды басқарған  жетекшілердің еңбегі орасан зор.

 

 1958-1969 жылдары  Баймендин Хажетден - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.  Бүкілодақтық сырттай тамақ өнеркәсіп   институтының Алматы филиалының директоры, ал 1966 жылдан бастап Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп инситутының Алматы филиалының алғашқы директоры  қызметін атқарды.

 

 

 

 

1969-1973 жылдары - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп инситутының Алматы филиалының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Джумагулова Лаура Имамғазықызы басқарды.

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 1973-1986 жылдар - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп инситутының Алматы филиалының директоры, химия  ғылымдарының кандидаты, доцент Ескаиров Маху Есқаирұлы басқарды.

1986-1993 жылдар - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп инситутының Алматы филиалының директоры, техника  ғылымдарының кандидаты Сагындыков Кенес Кұрманбекұлы басқарды.

 1993-1994 жылдар - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп инситутының Алматы филиалының директоры, экономика  ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мамыров Нұрғали Кұлшыманұлы басқарды.

 1994 жылдан – филиалдың соңғы директоры, ал 1996 жылдан бастап Алматы технологиялық институтының ректоры және  1999 жылдан бүгінгі күнге дейін, Алматы технологиялық университетінің ректоры қызметін химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі  Құлажанов Құралбек Садибайұлы басқарады. Бұл кісінің атымен Алматы технологиялық университетінің жаңа тарихы, инновациялық дамуы басталды.

1957 жылы құрылған Алматы технологиялық университеті бүгінде бірқалыпты тұрақты дамып келе жатқан, Қазақстандағы тамақ өндірісі, жеңіл өнеркәсіп салаларында қызмет ететін, Қазақстанның экономикасында сенімді орын алып, оны дамытуға белсене ат салысатын мамандар даярлайтын  жоғары оқу орыны.



Яндекс.Метрика