Халықаралық қатынастар

 
 

 

Алматы технологиялық университетінің халықаралық қызметі оның жұмысындағы ең маңызды бағыттардың бірі, АТУ әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасудың негізгі факторы болып табылады және мына төмендегілер бойынша жүзеге асады:

  • европалық білім беру жүйесіне ықпалдасу
  • шет елдік университеттерімен, білім беру орталықтарымен және басқа ұйымдармен әріптестік
  • ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша бірлескен бағдарламалар және шаралар
  • академиялық мобильдіктің одан әрі дамуы

АТУ барлық қызметі Лиссабон Конвенциясы, Болон декларациясының талаптарына сай келетін және білім берудің, кәсіби қайта дайындықтан өтудің, кадрлардың біліктілігін жетілдірудің жаңа көздерін белсенді іздейтін үзіліссіз кәсіби білім беру кешенін құру концепциясына негізделеді. Алматы техникалық университеті мынадай ұйымдармен қызметтестікті қолдайды:

  • Халықаралық Жоғарғы Мектеп Ғылымдар Академиясы (ХЖМҒА)
  • Халықаралық Университеттер Ассоциациясы (IAU)
  • Халықаралық Студенттер Алмасу Ассоциациясы (IAESTE)
  • Евразиялық Университеттер Одағы (EURAS)
  • Европа Ректорларының Клубы
  • Қиыр және таяу шетелдегі жетекші жоғарғы оқы орындары және ғылыми орталықтар
  • ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы
  • Европалық Одақтың: Темпус, Эразмус Мундус, FP7 бағдарламалары
  • ҚР-дағы шет мемлекеттерінің аккредиттелген елшіліктері
  • Халықаралық ұйымдар: Қазақстандағы Британдық Кеңес, Герман академиялық ауысулар қызметі (DAAD), Гете институты, Американдық халықаралық зерттеулер кеңесі (IREX).

 

   

 

 

        

АТУ 2010 жылы Болоньяда 1999 жылы европа мемлекеттерінің 29 министрімен қабылданған негізгі Болон Декларациясы болып табылатын маңызды құжатқа Magna Charta Universitatum (Великая хартия университетов) қол қойылған жоғарғы оқу орындарына қосылды.

 

 

 

 
 

 

Халықаралық бағдарламалар және жобалар

 

Алматы технологиялық университеті Халықаралық Университеттер Ассоциациясының  (IAU), Техникалық мамандықтар бойынша студенттермен алмасу бойынша халықаралық ассоциацияның (IAESTE), Евразиялық университеттер одағының мүшесі болып табылады.

       

 

Халықаралық білім беру ұйымдарымен: Қазақстандағы Британдық Кеңес, Германия академиялық алмасулар қызметімен (DAAD), Гете атындағы институттың өңірлік өкілдігімен, Американдық білім беру кеңесімен, СОРОС қорымен, Америка халықаралық зерттеулер кеңесімен (IREX), Халықаралық дамыту агенттігімен (USAID), INTAS, Израиль консультативтік орталық MASHAV, FP7 Евроодақ бағдарламасымен тығыз үйлесімді жұмыс жүргізілуде. АТУ президенті Т.К. Кулажанов Европа Ректорларының клубына қабылданды. АТУ 2010 жылы Болонья қаласында (Италия) 1999 жылы  европа мемлекеттерінің 29 министрімен қабылданған Болонья Декларациясының негізі болып табылатын ең маңызды құжат - қол қойылған Magna Charta Universitatum (Университеттер ұлы хартиясы) жоғары оқу орындарына қосылды.

 

АТУ Европалық Одақтың ғылыми-техникалық қызметтестігі бойынша халықаралық бағдарламаларда және шараларда әріптестік қатынасты қолдайды және дамытады: Темпус, ERASMUS MUNDUS, FP7:

  • Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша магистрлік бағдарламаларды әзірлеу (ТЕМПУС)
  • «Gadet» жобалау және киімдердің жаңа модельдерін жасау бойынша оқыту курсы (ТЕМПУС)
  • Орталық Азияның 3 мемлекетімен, Қазақстанның 3 университетімен және 7 европалық университеттердің (ТЕМПУС) қатарында «Зерттеу-Ғылым-Өндіріс» принципі бойынша қоғамдық-пайдалы университеттерін құру
  • Жапон Үкіметінің «Grass Roots» гранттары
  • Дүниежүзілік банктың гранттары
  • ҚР ҒЗИ Гранттары

Университеттің ғылыми атағын «Азық-түлік өнімдері және биотехнология» (BIO-NCP) тематикалық бағыты бойынша АТУ Қазақстан Республикасында FP7 Европалық Одақ бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі болып 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілгендігі мойындайды. 2009 жылы АТУ базасында Халықаралық жобалардың шеңберінде 1-ші PERSEUS халықаралық форумы өтті. 2010 жылы Темпус бағдарламасының 20-жылдығына, Қазақстандағы Темпус бағдарламасының 15-жылдығына арналған «Қазақстандағы жоғары білім берудің жағдайы және келешегі – Темпус бағдарламасының әсері» халықаралық конференциясы өтті.

2010 жылы АТУ Европалық Erasmus Mundus–CENTAURI – «Орталық-Азия Университеттерінде ғылыми зерттеулерді және инновацияларды қолдау» жобасы бойынша Консорциумның мүшесі болып бекітілді. Консорциумның әріптестері Европаның жетекші университеттері болып табылады.: Испания, Италия, Германия, Финляндия, Швеция, Чехия, Литва және Латвия

 

Алматы техникалық университетіндегі Эразмус Мундус (Erasmus Mundus) бағдарламасы: ERASMUS  MUNDUS II тәжірибесіндегі академиялық мобильдік  

Strand 1 LOT 9 PROJECT CENTAURI

2010 жылы Алматы технологиялық университеті Erasmus Mundus Action 2,Лот 9 – CENTAURI (Central Asian Universities in need of Research and Innovation) жобасы бойынша Еврокомиссиямен Консорциумның мүшесі болып бекітілді – Орталық-Азия университеттерінде ғылыми зерттеулерді және инновацияларды қолдау.

Консорциум құрамы:

Европа:

  • Сантьяго Де Компостела университеті, Испания – үйлестіруші- грантхолдер
  • Готтинген университеті, Германия
  • Турку университеті, Финляндия
  • Мендель университеті, Чех Республикасы
  • Латвия университеті
  • Уппсала университеті, Швеция
  • Болонья университеті, Италия
  • Вильнюс университеті, Литва

Қазақстан:

  • Алматы технологиялық университеті  
  • Қарағанды экономикалық университеті
  • Астана медициналық университеті
  • Оңтүстік-Қазақстан мемуниверситеті

Қырғызстан

  • Қырғыз экономикалық университеті
  • Ыстық-Көл мемлекеттік университеті

Өзбекстан

  • Бұхар мемлекеттік университеті
  • Вестминстер университеті
  • Ташкент педиатриялық университеті

Тәжікстан

  • Тәжікстан технологиялық университеті
  • Хорог мемуниверситеті

Жобаның ұзақ мерзімді мақсаты: өңірдің қажеттілігін талдаудың негізінде Орталық – Азия университеттерінде ғылыми зерттеулерді және инновацияларды қолдау.

 Жобаның негізгі мақсаты және міндеттері:

  • Ғылыми зерттеулердің мүмкіндігін арттыруға көмектесу
  • Тұрақты ынтымақтастықты қолдау
  • Университеттік менеджементті жетілдіруге бағытталған мобильдіктерді дамыту
  • Кейінгі ынтымақтастық үшін бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларының және екі жақтық келісімдердің тиімділігін арттыру. 

Зерттеулермен және біріктірілген зерттеу бастамаларын әзірлеумен және техника және технология, экологиялық зерттеулер, аграрлық ғылым саласындағы зерттеу, бизнес – басқару және әлеуметтік ғылымға ерекше акцентпен барлық басым салалардағы біріккен ғылыми-зерттеу бастамаларының шеңберіндегі мүмкіндіктермен байланысты мобильдікке беріледі. Мобильдікке қатысты PhD үшін олардың зерттеулері инновацияға үлес қосатынын және өңірдің дамуына айтарлықтай әсер ететінін көрсететін өтініштері бар кандидаттар іріктелді.

 

ЭРАЗМУС МУНДУС бағдарламасы деген не?

 

            Бұл бағдарлама біздің еліміздің және Европалық Одақтың мемлекет-мүшелерінің арасындағы мобильдік және ынтымақтастық. Бағдарлама европа университеттерінде бакалавриатта, магистратурада, докторантурада оқу, тағылымдамадан өту үшін мәртебелі стипендияларды (гранттарды) ұсынады.

 

 

Неге ЭРАЗМУС МУНДУС бағдарламасы деп аталады?

Эразм Роттердамский, Дезидерий

(1469-1563) өз өмірін адамдардың бірін-бірі түсінуге негіз болады деп санаған жалпылама кемеңгерлік концепциясын дамытуға арнаған. Гуманист, филолог, жазушы Эразм көп саяхаттаған, Францияда, Англияда, Италияда, Швейцарияда және Бельгияда оқып, дәріс берген. Сондықтан Студенттік мобильдіктің бірінші Европалық бағдарламасы  көрнекті мобильді Европалық ғалымның атымен аталған. Эразмус гранттарының арқасында 1987 жылдан бастап миллионнан аса европалық студенттер Европаның әртүрлі елдерінде оқу мүмкіндігін ие болды. 2004 жылы мобильдік бағдарламаны дүниежүзінің басқа да мемлекеттеріне тарату керек деп шешілді. Жаңа бағдарлама ЭРАЗМУС МУНДУС деп аталды (МУНДУС латын тілінен аударғанда «әлем» дегенді білдіреді).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Халықаралық әріптестер

 

Алматы технологиялық университеті қиыр және алыс шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен берік халықаралық байланыста: Андонг Ұлттық Университеті, Конкук Университеті (Оңтүстік Корея), Ларенштейн Кәсіби Білім беру Университеті (Нидерланды Корольдігі), Мәскеу Мемлекеттік Қолданбалы Биотехнологиялық Университеті, Мәскеу Мемлекеттік Тағам Өндірісі Университеті (Ресей), Гринвич Университеті, Манчестр Метрополитен Университеті (Ұлыбритания), Техникалық қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Мейманханалық менеджемент және қоғамдық тамақтану академиясы (Польша) және басқа да байланысты мамандықтар бойынша профильдік дайындық  жүргізетін орындар және соның нәтижесінде оқытушылардың және оқушылардың шетелде біліктілігін жоғарылатуға тұрақты мүмкіндігі бар.

 

ҰЛЫБРИТАНИЯ

 

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Біріккен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігі Атлант мұхиты мен Солтүстік теңіз аралығында Европаның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол құрлықтан Па-де-Кале және Ла-Манш бұғаздарымен, ал Ирландиядан (Ирландия Республикасынан) Ирландия теңізімен және Әулие  Георгий бұғазымен бөлініп жатыр. Біріккен Корольдікке Англия, Уэльс және Шотландия кіреді, олар Ұлыбританияны құрайды, ал Солтүстік Ирландия және бірнеше архипелагтар – Біріккен Корольдікті құрайды. Біріккен Корольдіктің тұрғыны шамамен 60 миллион адам. Мемлекеттік тіл ағылшын тілі, дегенмен Уэльс және Шотландияның таулы аудандарында азшылық ұлттар валий және гаэль тілдерінде сөйлейді. Астанасы – Лондон. Біріккен Корольдік конституциялық монархия болып табылады. Мемлекет басшысы – ІІ Елизавета ханымның патшалығы.  Британ заңнамалық жүйесінде ресми (жазылған) конституцияның болмағандығынан  конституциялық құқық деген ұғым болмайды, бірақ Тақ және Парламент қызметін, тақмұрагерлік тәртібін және басқаларды реттейтін көптеген конституциялық заңдар және әдет-ғұрыптар бар. Конститутция Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі үшін ортақ.

Манчестер Метрополитен Университеті

 

Құрылған жылы: 1970 ж. Мекен-жайы: All Saints Building, All Saints, Manchester, M15 6BH

Тел: +44 (0)161 247 2000 , +44 (0)161 247 2000, Факс: +44 (0)161 247 6390

E-mail: enquiries@mmu.ac.uk , сайт: http://www.hlss.mmu.ac.uk/

Ректор: Джон Брукс. АТУ-мен келісім шарт:  №36 03.07.2006жг.

Манчестер Метрополитен Университеті  Манчестр

Манчестр Метрополитен Университеті Бірікке Корольдігі, Англия, Манчестр қаласында құрылған. Студенттерінің санына қарай ол Біріккен Корольдіктегі бесінші ірі университет болып табылады. Университет университеттік альянстың мүшесі және жаңа университет болып жіктеледі. Манчестр Метрополитен Университеті – ауқымы кең бағдарламаларды қамтитын Бакалавр дәрежесінде және тікелей түсу курстарында 1000-нан аса мамандық бойынша 34 000 аса студент оқитын Ұлыбританиядағы ең ірі атақты және ауқымды университеттердің бірі болып табылады. ММУ шеңберінде көлемі жағынан екінші орын алатын Ұлыбританияның бизнес мектебі және жаратылыстану, инженерлік және технологиялық ғылымдар бойынша курстар жүргізетін ірі оқу орындары жұмыс істейді. Сонымен қатар ММУ – киім дизайны және технологиялар саласындағы халықаралық білім беру және Ұлыбританиядағы өнер және дизайн, құқық, спорт ғылымдары, денсаулық және әлеуметтік мамандықтар саласында көшбасшысы. Даярлық Бағдарламасы (International Foundation Programme): британ университетінің 1-ші курсына түсу үшін қосымша оқу жылын және даярлықты қажет ететін мектеп бітірушілерге арналған. Даярлық бағдарламасын Даярлық бағдарламасын жемісті бітірген жағдайда (қыркүйектің басынан шілдеге дейін 2 семестр), университеттің 1-ші курсында орынға кепілдік береді. Бағдарламаның мазмұны таңдалған мамандықпен анықталады. Болашақ мамандықпен байланысты және университетте оқу дағдыларымен қамтамасыз ететін пәндерді қамтитын модульдерден, сонымен қатар алдыңғы қатардағы ағылшын курстарынан тұрады.

Факультеттер:

  • Өнер және дизайн
  • Гуманитарлық, заң және әлеуметтік ғылымдар
  • Мейманханалық шаруашылық және мейрамханалық бизнес
  • Бизнес мектебі
  • Медицина, психология және әлеуметтік көмек көрсету факультеті
  • Тағам технологиясы, туризм, киім және мейманханалық менеджемент факультеті
  • Білім беру институты
  • Ғылым және техника факультеті

 

Табиғи ресурстар институты, Гринвич университеті

 

Құрылған жылы: 1890ж. Мекен-жайы: Бұрынғы Корольдік әскери-теңізі, Park Row, Гринвич, London SE10 9LS, Тел: 020 8331 8000, е-mail: webteam@gre.ac.uk сайт: http://www.nri.orgРектор: Лорд Харт Чилтон. АТУ-мен келісім шарт: № 09.02.2007ж.

Гринвич университеті Лондонның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Гринвич университеті 1992  жылы университет статусын алған және дәрежелер беру құқығы бар жаңа «айнадай» университеттер қатарына жатады. Негізгі кампусы (Теңіз Гринвичі) Гринвич орлығында Темзаның оң жақ жағалауында, тарихи Корольдік әскери-теңіз колледждің аумағында орналасқан. Корольдік әскери-теңіз колледждің ескі ғимраттары халықаралық атамұра ретінде ЮНЕСКО-мен қорғалатын Гринвич тарихи кешендерінің бір бөлігі болып табылады. Ғимараттар 17 ғасырда Сэр Кристофер Реноның жобалауымен әскери-теңіз госпиталі ретінде салынған. Университеттік қалашық Темзаның ернеуіне жақын (Thames Gateway) Лондонның шығысындағы тарихи Мэдвей ауданында және Лондонның оңтүстік-шығысындағы Авери Хиллға дейін жалғасып жатыр. Университеттің құрылуы Вульвич политехникалық колледжі құрылған кезде 1890 жылдан басталады. 1970 жылы Темза политехникалық колледжі құрылғаннан бастап басқа жоғарғы оқу оырндарымен ынтымақтасты. Кейінгі жылдары оқытылатын пәндердің спектры Дартфорд колледжінің (1976), Авери Хилл Колледжінің (1985 жыл), Гарнетт ( 1987 жылдан бастап), Голдсмитс Колледжі және Лондон Сити колледждерінің (1988 жыл) қосылуына байланысты кеңейді. 1992 жылы қала әкімінің бұйрығымен Темза политехникалық колледжі (басқа политехникалық колледждерімен тең) университет мәртебесі берілді және Гринвич университеті деп өзгертілді. Жаңа «пост-1992» университеті ретінде Гринвич өзінің назарын оқытуға және кадрларды дайындықтан өткізуге аударды. Бизнес-мектеп шеңберінде бизнес оқытуда, білім беру, кәсіби дайындық және үзіліссіз оқыту саласында, сонымен қатар Есептеуіш және математикалық ғылымдар мектебінің шеңберінде компьютерлік, ақпараттық жұйелер және мультимедиялық технологиялар саласында үлкен жетістіктерге жетті. 2005 жылы media studies (бұқаралық ақпараттар құралдары) сабақ беру бойынша "Гардиан" рейтингісімен 16-шы орынға (86-нан) ие болды. Гринвич университеті Темзаның басқа колледжімен, соның ішінде Бексли колледжі және Солтүстік-Батыс Кент колледжімен тығыз байланыста және мұғалімдер, медбикелер және әлеуметтік қызметтер бойынша мамандарды дайындауда жетекші роль атқарады. Гринвич университеті дүние жүзінде әскери теңіз шеңберімен тығыз байланысы бар, теңіз құқығы және басқару, сонымен қатар теңіз тарихынан сабақ беретін тәуелсіз департамент ретінде Гринвич теңіз институтын да қамтиды. Сондай-ақ, Гринвич университеті жоғары дәрежелі зерттеулермен және консалтинтермен, әсіресе, архитектура, ландшафт, еңбек қатынастары, өрт қауіпсіздігі, табиғи ресурстар, әлеуметтік процесстерді талдау, білім беру, оқыту, коммуналдық және білім беру саласын басқаруда атағы әйгілі.

Мектептер және институттар

  • Архитектура және құрылыс
  • Бизнес мектебі
  •  Инженерия
  • Гринвич теңіз университеті
  • Медициналық факультет
  • Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар
  • Медуей фармацевтикалық мектебі
  • Жаратылыстану ғылымдар институты 
  • Ғылыми мектеп
  • Биохимияны зерттеу
  • Биомедициналық ғылымдар
  • Химия
  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Орман шаруашылығы ғылымы
  • География 
  • Адамның тамақтануы  
  • Фармацевтикалық ғылымдар
  • Дене шынықтыру
Яндекс.Метрика