АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы технологиялық университеті 2017 жылдың 13-14 сәуірінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында төмендегі мамандықтар бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиадасының ІІ кезеңін өткізеді:

 

5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциялануы»:

1.

Тігін өндірісінің бұйымдарын жобалау

2.

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы

5В072700 – «Азық-түлік тағамдары технологиясы»:

1.

Азық-түлік өнiмдерi технологиясының негіздері

2.

Аналитикалық және физколлоидтық химия

5В072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»:

1.

Химия

2.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясының негіздері

5В073300 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы»:

1.

Тоқыма материалтануы

2.

Текстиль өндірісінің технологиясы

5В091200 – «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»:

1.

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері

2.

Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесіндегі менеджмент

 

Олимпиаданың өткізілу орны: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы) Алматы технологиялық университеті бас оқу ғимаратының кіші мәжіліс залы (2 қабат). РПО қатысушыларды тіркеу 2017 жылдың 13 сәуірінде сағ. 8.30, олимпиаданың басталуы сағ. 09.30.



Яндекс.Метрика