МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PhD ДОКТОРАНТУРҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

АТУ-нің магистратура және PhD докторантурасына қабылдау 19.01.2012 жылғы Қазакстан Республикасы Укіметінің № 109 қауылысымен бектлген «Жоғары оку орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелеріне қабылдаудың үлгі ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.

 

Магистратураға түсу үшін қойылатын талаптар:

  • «бакалавр» академиялық дәрежесі;
  • алдынғы оқу сатысы бойынша үлгерімнің жоғары орташа балы (GPA).

 

PhD докторантураға түсу үшін қойылатын талаптар:

  • «магистр» академиялық дәрежесі;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарға бейімділік;
  • жоспарланып отрылылған отандық және шет елдік ғылыми жетекшілер тізімі.

 

Магистратураға және PhD докторантураға түсем деуші үміткерлер шет тілінен және мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады

 

Шет тілінен қабылдау емтиханы (ағылшын, француз, неміс) тілдерінде тест түрінде ҚР БжҒМ-нің ұлттық тестілеу орталығының технологиясы бойынша тапсырылады.

 

Магистратура және PhD докторантураға түсем деуші шет ел азаматтары қазақ немесе орыс тілінен (білім алу тілі) және мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.  

 

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгеруін дәлелдейтін:

ағылшын тілінен:

  • Test of English as a Foreign Language Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP, шекті баллкемінде 560);
  • International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде0).

неміс тілінен:

  • Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1).

француз тілінен:

  • DELF, В2 деңгейінде;
  • DALF, С1 деңгейінде;
  • TCF - шекті балл - кемінде 400

халықаралық сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары  шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады. 

 

Шет тілінде жазылған құжаттардың қазақ немесе орыс тілде нотариалды расталған көшірмелері болуы тиіс.

 

Магистратура және PhD докторантурға түсу үшін құжаттар АТУ қабылдау комиссиясына шілденің 10-сы мен 30-ы аралығында келесі мекен-жай бойынша тапсырылады: Алматы қ., Толе би көшесі, 100 күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.



Яндекс.Метрика