Медициналық орталығы

Студенттік мәселелер жөніндегі бөлімнің АТУ Медициналық орталығы бөлімшесіне қош келдіңіздер. Біз  АТУ студенттері мен қызметкерлеріне амбулаториялық медициналық көмек көрсетеміз. Медициналық орталық жатақхананың  төменгі қабатында орналасқан.

Университет аймағындағы медициналық қызмет көрсету (дәрігер тексерулері, медбикелер қызмет көрсету, ЭКГ, егу, физиотерапия, алғашқы жәрдем және психолог көмегі) әрқашан тегін көрсетіледі.

Құпиялылық:

Медициналық картаны, мейлі ол сақтандыру компаниясы, ата-анасы, жұбайы немесе жұмыс берушісі болсын,  сырттан келген тұлғаларға беруді тек  емделуші ғана рұқсат бере алады.

Сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз:

АТУ Медициналық орталықтың емделушісі ретінде, Сіздің:

  • диагнозға, емге және болжамға қатысты нақты ақпаратты алуға
  • екінші дәрігердің пікірн алуға (қалауыңыз бойынша);
  • сіздің медициналық күтіміңіз және еміңізге қатысты шешім қабылдауға қатысуыңызға құқығыңыз бар.

Сіздің міндеттеріңізге:

  • ауру белгілеріне және медициналық көмек алудың қажеттілігіне қатысты шынайы және анық ақпарат беру;
  • сізбен бірге анықтаған емделу жоспарын орындау;
  • біздің айтып тұрғанымызды түсінгендігіңізге сенімсіз болған жағдайда түсіндіруді өтіну;
  • медициналық қызметкерлермен және басқа емделушілермен сыпайы және инабатты қарым-қатынас жасау кіреді.

Жұмыс уақыты :  с 8.30 до 17.00

Мекен-жайы:  Бөгенбай батыр 157, Общежитие №1, 2 қабат

Телефон: 292 4830 вн.т. 205



Яндекс.Метрика