Жастар кеңесі

 

Болашақ – жастардың қолында

Жастар кеңесі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы университеттің құрылымдық бөлімдерінің бірі.

Кеңестің қызмет объектісі және негізгі мақсаты – студенттердің қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында жан-жақты дамуы және белсенді болуы үшін жағдай жасау, олардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен еркіндігін түсіндіру, жүзеге асыру және қорғау болып табылады.

Студенттік жылдар – әр адамның өміріндегі ең жарқын және ұмытылмас кездері. Бұл кезеңнің «әшекейі» - қоғамдық өмір болып табылады. Мәдени мерекелік іс шараларға қатысу студенттердің жүрегінде мәңгі сақталып қалады.

 

Жастар ұйымы дегеніміз не?

Жастар ісі жөніндегі кеңестің қызметі студенттік өмірді жарқын және әсерлі ететін көптеген іс-шараларды, акциялар мен сайыс бағдарламаларын құруға және іске асыруға бағытталған. Бұл жерде студенттер ұйымдастыру шеберлігіне үйреніп қана қоймай өздерінің достары мен құрдастарының таланттарын ашуға көмектеседі.

Көптеген студенттер үшін Жастар ісі жөніндегі кеңес – өмір салты болып табылады. Ол студенттерге ауадай қажет. Студенттік бірлестіктің әр адамы – үлкен ағзаның жасушасы тәрізді. Егер бұл  бөлшектердің бәрі жұмыла ұйымдасып жұмыс істесе жеңісті қолдан жібермейді.  Жастар ісіне араласып, мәңгілікке белсенді болады!

Жастар ісі жөніндегі кеңес мемлекетте позитивті өзгерістер пайда болғанда құрылды, ол болашақтың жарқын бастамасы болды. Бірақ Жастар кеңесін құрудың мақсаты өзгерген жоқ. Ол -  студенттердің сапалы жоғары білім алуына себін тигізу. Сонымен қатар, Жастар кеңесі жұмыс жасаудың инновациялы әдістерін үнемі іздейді, жастарды баурайды, еліктеу үлгісі және  оларға қамқоршы болады.

АТУ басшылығы студенттердің ұсыныстарынан ешқашан бас тартқан емес. Әрқашан түсіністікпен қарап, қолдап отырады, идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Бүгінгі таңда барша қауым Алматы технологиялық университетін тек білім беру саласында таңдаулы университеттерінің бірі ғана емес, сонымен қатар, тәрбие ісі мен өзін-өзі басқару мәселелерінде біз көшбасшысы деп біледі.

Университет ұжымы оқу және тәрбие беру үрдісін жастарға шығармашылық жұмыстармен шұғылдануға және біздің мәдениетіміздің негізін құрайтын құндылықтарға бағдарлай отырып,  дұрыс адамгершілік таңдау жасауға мүмкіншілік беретіндей етіп ұйымдастырады.

Жастар ісі жөніндегі кеңес  жұмысының негізгі принципі – басқарудың алғашқы тәжірибесіне дағдылану, жігерлігін, байланысқа бейімділігін дамыту, мәселелерді шешу жолдарын табуды үйрену болып табылады. Тәлім алған іскерлік шеберлігі өмірдегі мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.

Бүгінгі күнде Жастар ісі жөніндегі кеңестің негізгі міндеттерінің бірі – студенттердің патриоттық сезімін, азаматтық қасиетін, еңбексүйгіштігін,  адам құқығы мен еркіндігін құрмет тұтуын, қоршаған табиғатқа, туған еліне және отбасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Біздің университетіміздің тәрбиеленушісі біздің оқу орнының, біздің қаламыздың, біздің мемлекетіміздің  патриоты екенін мақтанышпен сезінуі тиіс.

  • Жастар Кеңесінің төрайымыКәтіш Ардақ
  • Жастар Кеңесі төрайымының орынбасары –Әлиева Шолпан
  • Жастар Кеңесінің жетекші маманы –Әбдешов Ержан

Біздің университетімізде Жастар ісі жөніндегі кеңесімен бірлесе отырып, түрлі ұйымдар жұмыс жасайды.

Көркем өнерпаздар  ұжымы  - жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Жүсіпәлі Мақсат Әбілқайырұлы

  • Студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы – Жанатаев Даурен
  • Студенттік кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары – Нурмухаметова Арайлым
  • «Тай-На» сән театрының жетекшісі - Жақыппекқызы Жұлдыз
  • «АТУ құрамасы» КТК командасының жетекшісі - Мұнайтбасов Айдын
  • «Қарлығаш» би ансамблінің жетекшісі - Жантасова Қарлығаш
  • «Домбыра-Дастан» - оркестрінің  жетекшісі - Акжолова Сағадат
  • «Жастар» дебат клубы қазақ лигасының координаторы - Жұмахан Нұржан
  • «КМС» дебат клубы орыс лигасының координаторы Күлчебай Нұрғазы
  • «Нұр Отан» Партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының өкілі - Олжабаева Толқын
  • «Enactus ATU» командасының капитаны - Қалдыбаева Улболсын
  • «Жас журналистер» клубының төрайымы - Жүсіпова Назерке
  • «This is ATU» одағының әкімдігі - Тәжібаев Атабек
  • «Студенттер арасында тәртіпті сақтау отряды» төрағасы – Абилхаиров Мадияр

Университетіміздің спорттық өмірі - спорттық іс-шаралардың бұқаралығын арттыруға, спортшы-студенттердің  шеберлігін жақсартуға бағытталған оқу-тәрбие беру үрдісінің жалғасы болып табылады.

Университетіміздің спортшылары қалада, облыста, мемлекетте болатын сайыстардың әр түріне қатыса отырып, жүлдегер, сонымен қатар, чемпиондар атағына ие болады.

Біздің спортшылар қаладағы әртүрлі спорттық іс-шараларға спорттың әр түрінен қатысады ( күрес, самбо, үстел теннисі, футбол және т.б.). Спорттың жеке түрлерінен біздің студенттер ең жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысады.



Яндекс.Метрика