Алматы технологиялық университетінің Ғылыми кітапханасы

 

  • АТУ Ғылыми кітапханасы
  • Ғылыми кітапхананың құрылымы
  • Ғылыми кітапхананың көрсететін қызметі
  • Ғылыми кітапхананы пайдалану ережесі
  • Ғылыми кітапхананың біліктілігі мен міндеті
  • Оқырмандардың Ғылыми кітапханаға тіркелу тәртібі
  • Абонементті қолдану ережесі
  • Электронды каталог
  • Электронды кітапхана
  • Электронды ресурстар
  • Кітаппен қамтамасыздандырылуы
  • Жаңа түскен әдебиеттер
  • Мерзімді басылымдар
  • Жұмыс уақыты
  • Бізді қалай табасыз?

 

АТУ Ғылыми кітапханасы

Ғылыми кітапхана оқу-әдістемелік, ғылым және тәрбие үдерісін ақпаратпен қамтамасыз ететін, білім мен рухани, интелектуалдық қарым-қатынасты дамытатын мәдени орталық ретінде зор маңызы бар, Алматы техникалық университетінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Алматы технологиялық университет кітапханасының тарихы 1957 жылдан, яғни оқу орны ашылған кезден басталады. 60-шы жылдардың басында кітапханада анықтама-библиографиялық аппарат – алфавиттік, жүйелік, негізгі қызметтік каталогтар мен картотекалар оқырмандарға қызмет көрсете бастаған. 1980 жылы кітапхана жұмысын керекті дәрежеге көтеру үшін кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу бөлімі, анықтама-библографиялық бөлімі және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ашылды.

АТУ Ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы жетекші университет кітапханаларының бірі болып табылады.

Кітапхана қорында тағам өндірістері, жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлық индустриясы, ақпараттық технологиялар, химия, биотехнология, техникалық және экономикалық ғылымдары бойынша арнайы әдебиеттер ұсынылған. Егер 1970 жылда кітап қоры 197103 дана болса, 2015 жылда – 890000 дана кітап қорын құрады, оның ішінде 230000 дана қазақ тілінде болған. Ғылыми кітапхананың қоры электронды тасымалдаушыларындағы университет бағдары бойынша оқу және ғылыми басылымдармен жүйелі түрде толықтырылады және бүгінгі күнде 5400-нан аса дананы құрап отыр.

2000 жылдан бастап кітапхана үдерісін автоматтандыру Республикалық автоматтандырылған кітапханалық «РАБИС» ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылған, 2011 жылдан бастап MARC-SQL атты автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізілген. Ғылыми кітапханада барлық үдеріс автоматты түрде өтеді, залдар жаңа компьютерлерімен жабдықталған.

Электронды каталогтар мен электронды кітапхананы http://library.atu.kz/default.asp сайтынан табуға болады.

Ғылыми кітапхана Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы кітапханалар қауымдастығының мүшесі болып, ҚР ірі кітапханаларымен өзара қарым-қатынастар орнатты.

Қазіргі уақытта Ғылыми кітапханада 2 абонемент, 5 оқу залы, 2 электронды қор орталықтары оқырмандарға қызмет етуде. Филиалдар университет колледжінде және 3 «Б» корпусында орналасқан.

 

Ғылыми кітапхананың бөлімшелері келесі мекен-жайлары бойынша орналасады:

  • Төле би көшесі, 100, АТУбас ғимараты, 3-қабат;
  • Фуркат көшесі, 348, АТУ ғимараты, 3-Б корпусы, 2-қабат;
  • Төле би көшесі, 100, Технология-экономикалық колледж ғимараты, 3-қабат.


Яндекс.Метрика