../files/htmi1.png

Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті институты

 

Алматы технологиялық университеті (АТУ, Қазақстан) Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті институтымен (HTMi, Швейцария) бірлесіп, төмендегі бакалавриат мамандықтары бойынша Қосдипломдық білім беру бағдарламасына талапкерлерді Қазақстан-Швейцариялық туризм, мейрамхана және қонақүй бизнесі институтына шақырады:

6В090200 – «Туризм»
6В091200 – «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі»

АТУ Қазақстанның қаржы, өнеркәсіп, мәдениет, туристік және спорт орталығы - Алматы қаласының дәл орталығында орналасқан.
АТУ – Қазақстанның тағам өндірісі, жеңіл өнеркәсіп салалары мен қонақжайлық индустриясы үшін жоғары білікті мамандар даярлайтын және республикамыздан тыс алыс шетелдерде танымал жоғары оқу орны.

HTMi – Швейцариялық академиялық дәстүр бойынша әлемдегі қонақүй және туризм менеджментінің жетекші жоғары оқу орындарының бірі. HTMi Альпі тауларында Люцерн қаласынан 45 минут қашықтықта (Соренберг қ., Кантон Люцерн) орналасқан. Бұл – Швейцариядағы ең әдемі таулы шипажайлардың бірі. Институт халықаралық қонақжай, SPA индустриясы, іс-шаралар мен конференциялар ұйымдастыру саласы бойынша студенттерді даярлайды, сонымен қатар әуе компанияларында, консалтингтік фирмаларда және т.б. жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. 

 

 

Мекенжай: Алматы қ., Төле би көш., 100, 050012
(Байтурсынов көш. қиылысы), каб.703
Тел: +7 (727) 292-37-61, факс: +7(727) 293-52-92
E-mail: htmiatu@htmi.ch
www.atu.kz

Яндекс.Метрика