АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Алматы Технологиялық Университеті (АТУ) бүгінде – Қазақстан мен Орталық Азиядағы тағам және жеңіл өнеркәсібі, бизнес, қызмет көрсету және қонақжайлылық индустриясы салалары бойынша білім мен ғылымның жетекші орталықтарының бірі. АТУ Болон Декларациясы мен Лиссабон Конвенциясының қағидаларына сәйкес бакалавриаттың – 22, магистратураның – 19 және PhD докторантураның – 11 білім беру бағдарламалары бойынша көп деңгейлі үздіксіз кәсіптік білім беру үлгісін табысты жүзеге асырады.

Халықаралық білім беру кеңістігіне бірігу мақсатында АТУ 2010 жылы Университеттердің Ұлы Хартиясына (Magna Charta Universitatum) қол қойып, Болон үдерісінің толық құқылы мүшесі болды.

АТУ Халықаралық университеттер қауымдастығының (IAU), Еуразия университеттері Одағының (EURAS), Еуропа ректорлары клубының (СRE), Халықаралық студенттермен алмасу жөніндегі қауымдастығының (IAESTE) мүшесі болып табылады.

Еуропалық Университеттер Қауымдастығы Кеңесінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен Алматы Технологиялық Университеті Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EAU) мүшесі ретінде тіркелді.

2014 жылы Алматы Технологиялық Университеті Халықаралық ISEKI-Food (IFA) Қауымдастығына кірді.

2014 жылдан бастап Алматы Технологиялық Университетінде Халықаралық туризм және қонақүй менеджменті институтымен   (HTMi, Швейцария) бірлесе «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтары бойынша қосдипломдық бағдарлама іске асырылуда.

АТУ әлемнің 90 университетімен келісімшарт жасасып, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығымен қоса оқу бағдарламаларын реформалауды, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және халықаралық бағдарламаларға қатысуды көздейтін білімді интернациоландыру үдерісінің белсенді серіктесіне айналды.

АТУ «Биотехнология және азық-түлік» (BIO-NCP) бағыты бойынша FP7 ЕуроОдақ бағдарламасының үйлестірушісі болып тағайындалған.

АТУ-дың білім беру және ғылыми қызметінің жоғары сапасы: еуро-инженер EUR-ACE® белгісін табыс ету құқығын беретін ASIIN агенттігіндегі (Германия) Бейінді бағдарламаларды халықаралық аккредиттеумен; Институционалды аккредиттеумен; Мемлекеттік аттестаттаумен; Бакалавриат, магистратура және доктарантураның барлық білім беру бағдарламаларын мамандырылған аккредиттеумен; ISO 9000 Сапа менеджменті жүйесінің сертификатымен; “EUROPEAN QUALITY” номинациясы бойынша халықаралық марапаттарымен, Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапасы үшін Халықаралыққорының (Швейцария), Өнеркәсіпке қолдау қауымдастығының (Франция) алтын медальдарымен расталған.

2014 ж. Ұлттық рейтингісінде АТУ Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары ішінен 10 орын иеленді, ал тағам және жеңіл өнеркәсібі бойынша негізгі бейінді мамандықтары Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының Бас рейтингісінде жыл сайын бірінші орындарға ие.

Кәсіпорындардың ұлттық бизнес-рейтингісінде АТУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында «Өтімділік көрсеткіштері» номинациясында 2-ші орында тұр.

АТУ-дың жабдықталған материалдық-техникалық базасы бар: дәрісханалар мен зертханалар, заманауи компьютерлік кластар, кітапхана және оқу залдары, жатақханалар, асханалар, мәжіліс және спорт залдары, дәрігерлік бөлім және баспахана. Оқу ғимараттары мен жатақханаларда интернетке (WiFi) тегін кіруге мүмкіндіктер бар.

АТУ жоғары білім  беру (бакалавр дәрежесіне 3 немесе 4 жыл оқу) үшін күндізгі, сырттай және қашықтықтан    оқыту бөлімдеріне төмендегі мамандықтар бойынша студенттер қабылдайды (жақшада көрсетілген таңдау пәні):

5В072700 - «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы » (химия)

- ет және балық өнімдерінің технологиясы;

- сүт және сүт өнімдерінің технологиясы;

- қоғамдық тамақтану және арнайы бағыттағы өнімдердің технологиясы;

- консервілер және тағамдық концентраттар технологиясы;

- өсімдік майларын өндіру және қайта өңдеу технологиясы

5В07280 - «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» (химия)

- астықты өңдеу, сақтау және өсімдік шикізаттарын қайта өңдеу технологиясы;

- нан,  макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы;

- ашыту технологиясы және шарап жасау.

5В072600 - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» (физика)

- тігін  бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы;

- былғары және үлбір бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы;

- жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын моделдеу және көркем безендіру.

5В073300 - «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» (физика)

- текстиль бұйымдарын жобалау;

- әрлеу өндірісінің технологиясы және жабдықтары;

-  трикотаж өндірісінің технологиясы

5В042100 - «Дизайн» (шығармашылық емтихан)

- костюм  дизайны

- графикалық дизайн

5В072400 - «Технологиялық машиналар және  жабдықтар» (физика)

- тағам өндірісінің  машиналары мен аппараттары;

- тоқыма және жеңіл өнеркәсібінің машиналары мен агрегаттары.

5В072100 - «Органикалық  заттардың  химиялық  технологиясы» (химия)

- органикалық және мұнайхимиялық өндірісінің технологиясы;

- полимерлердің өндірісі мен қайта өңдеу технологиясы.

5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» (физика)

5В070100 - «Биотехнология» (биология)

5В070200 -  «Автоматтандыру және басқару» (физика)

5В070300  - «Ақпараттық жүйелер» (физика)

5В070400  -  «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (физика)

5В060800  - «Экология» (биология)

- қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық мониторинг;

- өндірістік кәсіпорындардағы экологиялық менеджмент.

5В012000  - «Кәсіптік оқыту» (физика)

5В050600  - «Экономика» (география)

5В050700  - «Менеджмент» (география)

5В050800  - «Есеп және аудит» (география)

5В050900  -  «Қаржы» (география)

5В051000  - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (география)

5В090200  - «Туризм» (география)

5B090400  -  «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету» (география)

5В091200  - «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» (география)

 

(ЖОО коды - 053)

Студенттер қатарына қабылдау үшін:

- бюджеттік оқуға – қолында мемлекеттік білім грантын жеңіп алған куәлігі;

-  ақылы оқуға – Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) мен кешенді тесттің

(КТ) баллдарының нәтижесіне сәйкес мемлекеттік сертификаты       болуы керек

 

Кешенді  тестілеуге  және  мемлекеттік білім  грантын  жеңіп алу  конкурсына қатысу үшін керекті ҚҰЖАТТАР:

- белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

- аттестат, диплом қосымшасымен (түпнұсқасы);

- ҰБТ тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификат;

- тестілеу үшін Халық Банкіне төленген ақы туралы түбіртек;

- жеңілдікке құқық беретін құжат (бар болған жағдайда);

- өлшемі 3х4 екі фотосурет;

- дәрігерлік анықтама (086У,  063 егу картасының көшірмесі);

- жеке куәліктің көшірмесі (түпнұсқасын көрсету қажет).

 

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІН

таңдаудың бірнеше себептері:

- Экономикадағы сұраныстары жоғары мамандықтарды таңдауға кең мүмкіндік

- Біліктілігі жоғары оқытушылар құрамы

- Заманауи материалдық-техникалық базасы

- Шетелдік ЖОО-мен бірлескен қосдипломдық  және академиялық ұтқырлық бағдарламаларының болуы

- Оқу төлем ақысының қолжетімділігі және қолайлылығы

- Қызықты студенттік өмір

- Бірінші курстан бастап ғылыммен айналысу мүмкіндігі

- АТУ түлектерінің жұмысқа орналасуының толық шешілгендігі

- Басқа өңірден келгендердің 100% жатақханамен қамтамасыз етілгендігі

 

Мекен жайы: 050012, Алматы қ-сы, Төле би көшесі, 100.

(Байтұрсынов көшесінің қиылысы).

Анықтама үшін тел.: 8(727) 293-52-96, 293-52-81

факс: 8(727) 293-52-92

E-mail: rector@atu.kz, pk_053@atu.kz,

www.atu.kz



Яндекс.Метрика