Колледж туралы

Алматы технологиялық университетінің Технология-экономикалық колледжі университет ректорының 2005 жыл 12-шілдедегі № 12-2-39 бұйрығы негізінде құрылды.
Колледж мақсаты: ҚР-дағы кәсіпорындар тарапынан жоғары сұранысқа ие болатын жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі саласындағы және экономика, қызмет көрсету саласындағы жоғары білікті мамандар даярлау.

АТУ ТЭК 17 мамандық бойынша техникалық және кәсіби мамандар даярланады.

Колледждің білім беру жүйесі материалдық техникамен және оқу-зертханалық базалармен, ақпараттық-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген. Оқу үдерісінде инновоциялық технологиялар пайдаланылады.

Колледждің материладық-техникалық базасын оқу кабинеттері, кітапхана, оқу залы, жаңа техникамен жабдықталған компьютерлік сыныптар, зертханалар, оқу шеберханалары, лингафон және мультимедиялық кабинеттер, медициналық пунктер, асхана, спорт залдары және спорт алаңқайлары құрайды.

Колледждің оқытушылар құрамы, жоғары базалық білімді меңгерген. Оқытушылар жыл сайын біліктілікті жетілдіру курстарынан өтіп тұрады.

АТУ ТЭК білім беру ісінде барлық мамандықтар бағыттары лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес нақты көрсетілген.

2015 жылы колледжге аттестациядан өту кезінде қос сертификат берілді. Сапа менеджмент жүйесі бойынша 15.0038026 2015 ж. 16 қаңтардан «Рускиий регистр және Халықаралық желі мүшелерінің « IQNet» сертификаттауы бойынша, менеджмент сапа жүйесі бойынша сертификаттау қауымдастығынан сертификат берілді. Нормативтік техникалық құжаттама Сапа Менеджмент Жүйесіне сәйкес рәсімделеді.

Колледждегі тәрбие жұмысы - колледж жарғысымен реттеліп отыратын оқу үрдісінің ажырамас бөлігі. «Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудегі кешенді бағдарлама» тәрбие жұмысының тұжырымдамасы негізінде реттеліп отырады.

ТЭК білім алушылар өмірі – жарқын. Білім алушылар оқудан бос уақытында топ жетекшілерімен бірге тарихи, мәдени-ағартушылық орындарға, республикамыздың қорықты жерлеріне барады және телеойындарға қатысып тұрады.

Білім алушылар колледждің қоғамдық өміріне белсене араласады, сонымен қатар университеттегі шығармашылық және спорттық үйірмелерге қатысып тұрады.

Білім алушылар қалалық және републикалық универсиядаларға, кәсіби шеберлігін көрсету үшін қалалық конкурстарға белсене қатысып жүреді:

-2011-2012 оқу жылында колледж білім алушысы VIII 5 Қазақстан халықаралық «Алтын дастархан» аспаздық шеберлік фестиваліне қатысып алтын медальға ие болды;

-2012 жылы Джайбергенов Алибек «Paris Flair Open» атты Париждегі конкурста ең үздік деген ондықтың ішінен көрінді және Лондонда «Roaudouse World Flair» де 2-ші орын алды, сонымен қатар 2012-2013 жылдарда Грант Финалға өтті. 2013 жылы Old School Rules атты Лондондағы халықаралық чемпианатта іріктеу турда 2-ші орын алды және Грант Финалда 4-ші орынды иемденді;

-2014 жылы колледждің КТК құрама командасы Алматы Алмалы ауданында өткен қалалық колледжаралық ойында 2-ші орын алды;

-2014 жылы қазан айында 1-ші курс білім алушысы Магомедов Расул қалалық жоғарғы регби жарысына қатысып 3-ші орын алды;

-2015 жылы ақпанда білім алушы Бейісбек Данияр қалалық «кәсіби шеберлік чемпионатында «уздік үй тапсырмасы» атты аталым бойынша марапатталды;

-2015 жылы сәуір айында колледж білім алушылары Алматы қ. колледждер арасында ұйымдастырылған «әскери- спорттық жарыста» 2-ші орынды жеңіп алды;

-2015 жылы мамыр айында ТЭК білім алушылары XVII Қазақстан халықаралық «Алтын дастархан» аспаздық шеберлік фестиваліне қатысып, алтын медаль иегері атанды;

-2016 жылы қаңтар айында колледж білім алушысы Әкімхан Әділет «Жырлайды жүрек» атты VIII Республикалық М.Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындау байқауына қатысып III дәрежелі лауреат атанды;
АТУ ТЭК өзінің 10 жылдық білім беру қызметінде 5000-нан астам орта буындағы азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп сондай-ақ экономика, қызмет көрсету саласы бойынша мамандар даярлап шығарды.

Колледж білім алушыларына кәсіби тәжірибеден өту үшін барлық жағдайлар жасалған. Тәжірибеден өтетін білім алушылар үшін Алматы қ. бойынша 400 ірі кәсіпорындар мен келісім-шарт жасалған. Атап айтқанда: «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС, «Raimbek Bottlers» ЖШС, «Алматинский продукт» ЖШС, «Алматинский дрожжевой завод» АҚ, «Алтын диірмен» АҚ, «Бахус» АҚ, «Беккер и К» ЖШС, «Отрар» АҚ, «GRANT AISER HOTEL» қонақ үй-туристік қызмет көрсету, «Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және білім беруді жетілдіру қоры» қоғамдық қоры, «Royal Tulip Almaty» қонақ үйі, «Рахат Палас» қонақ үйі, «TURKUAZ YDA stroy» ЖШС, «Travel Club Kazakhstan» ЖШС, «ALSI сервис» ЖШС, «BOSFOR KAZAKHSTAN» ЖШС, «Сертификаттау бойынша Алматы бөлімшесі» ЖШС, «Алма-ата қонақ үйі» ЖШС, «Дастархан» ЖШС, «Казактелеком» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Институт развития информационных технологий» ЖШС, «Первомайские деликатесы» ЖШС, «Талғар Тоқыма комбинаты» ЖШС, «Институт Сертифицированных финансовых менеджеров, рестораны г. Алматы» ЖШС.

2013 оқу жылынан бастап Алматы қ. кәсіпорындарында дуалдық оқыту жүйесі енгізілді. Дуалдық оқыту жүйесі оқу үрдісінде алған теориялық білімін тәжірбиемен ұштастыра отырып жүргізу. Аталған жүйе бойынша білім алушы бір мезетте таңдаған мамандығы бойынша білім ала отырып, кәсіпорынмен тікелей байланыста болады. Бұл өз кезегінде болашақ маманды жұмыспен қамтуға да септігін тигізеді. Ағымдағы 3 жылдың ішінде колледждің 400-ден асатам білім алушысы Алматы қ. кәсіпорындарындарда және «Grand House Managment» ЖШС мейрамханалар мен қонақ үйлер желісінде, «Қазақстан» қонақ үйінде, «Ambassador» мейрамханасынада, «Астана» қонақ үйінде, «Медведь» мейрамханасында т.б кәсіпорындарда жоғарыдағы аталған жүйе бойынша оқып үйренді.



Яндекс.Метрика